F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Катонқарағайда даңқты палуанды еске алуға арналған турнир өтті

Madina Kainarova Madina Kainarova
14.07.2026, 09:11
Спорт

12 шілде күні Катонқарағай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жерлесіміз, КСРО спорт шебері, қазақ күресінің даңқты палуаны Сергей Сейітқалиұлы Ахметовты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған жарыстың басты мақсаты – атақты балуанның жарқын спорттық жолын кейінгі жас ұрпаққа үлгі ету, ұлттық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спорттың өрісін кеңейту.

Турнирді ұйымдастырған Ахметовтер әулетінің өкілдері бұл бәсекені алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Дүбірлі додаға Абай, Павлодар, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан 2006–2008 жылдары туған жас палуандар қатысып, әртүрлі салмақ дәрежелерінде бақ сынады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Фархад Құсайынов, қазақ күресінен Шығыс Қазақстан облыстық федерациясының президенті Оразбек Базарбай, «Қазақ күресі» ұйымының төрағасы Қайрат Мазкенов және Сергей Ахметовтың кенже ұлы Қуат Ахметов қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында марқұм палуанның замандастары, спорт ардагерлері Арасан Ахметов, Ахмет Бұқатов және Жексен Иқамбаев Сергей Ахметовтың спорттағы жетістіктері мен адамгершілік қасиеттері жайлы естеліктерімен бөлісіп, жарысты ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Олар жас балуандарға ақ жол тілеп, ел намысын қорғайтын спортшылар болып қалыптасуларына тілектестік білдірді.

Республикалық турнирдің жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрады.

Жарыс қорытындысы бойынша 48 келі салмақ дәрежесінде Малика Бердімұратова жеңімпаз атанса, Виктория Каверина екінші орынға ие болды.

52 келіде Адия Дәулетханова алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Дина Ақылбекқызына, қола медаль Жанеля Байсалбаеваға бұйырды.

65 келі салмақта Дильназ Жумалинова үздік шықса, Аяна Қуанышбек екінші, Анель Амангельдиева үшінші орынға тұрақтады.

90 келі салмақта Ерасыл Черияздан чемпион атанып, Бексұлтан Төлеубекұлы күміс, Әлем Шәкебай қола жүлдегер атанды.

Ал +90 келі салмақ дәрежесінде Асанали Арманұлы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Екінші орынды Ерлан Шыңғыс, үшінші орынды Нұрәділ Кенжебаев иеленді.

Осындай тағылымды турнирлер ұлттық спорттың дамуына серпін беріп қана қоймай, қазақ күресінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлғалардың есімін ұлықтауға, жас буынды елжандылық пен спортқа баулуға ықпал ететіні сөзсіз.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да ауыл балалары арасында «AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі басталды

ШҚО-да ауыл балалары арасында «AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі басталды

30.09.2026, 14:02
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында алтыннан алқа тақты

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында алтыннан алқа тақты

28.09.2026, 11:00
Өскемендік «Алтай» сырт алаңда «Ұлытаудан» басым түсті

Өскемендік «Алтай» сырт алаңда «Ұлытаудан» басым түсті

14.09.2026, 09:19
ШҚО-да 13,6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

ШҚО-да 13,6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

09.09.2026, 10:11

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған