F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: гала-концертке 50 мыңға жуық адам жиналды

Madina Kainarova Madina Kainarova
12.07.2026, 02:34
Жаңалықтар, Катонқарағай, Мәдениет
Фото: F16

Фото: F16

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалінің шарықтау шегі – гала-концерт өтті. Түркі халықтарының ортақ мәдениеті мен рухани мұрасын ұлықтаған ауқымды шараға әлемнің әр түкпірінен 50 мыңға жуық көрермен жиналды, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған концерт театрландырылған «Пырақ» қойылымымен ашылды. Қойылымда түркі дүниесінің киелі символы – ақ қанатты тұлпардың бейнесі арқылы Ұлы дала өркениеті, көшпенділер мәдениеті мен жылқының адамзат тарихындағы айрықша орны көркем тілмен бейнеленді.

Фестиваль қонақтарын облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтап, Алтайдың түркі жұрты үшін тарихи әрі рухани маңызына тоқталды.

– Адамзат өркениетінің көне ошағы, ұлы көшпенділердің алтын бесігі, тұтас түркі жұртының түпқазығы саналатын қасиетті Алтай төріне қош келдіңіздер! Біз үшін Алтай – өткеннің ескерткіші ғана емес, бүгінгі бауырлас халықтарды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыратын рухани өзек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттерінің тарихи және мәдени мұрасын сақтау – баршамызға ортақ міндет екенін атап өткен болатын. Өр Алтайдың асқақ рухы түркі әлемінің бірлігін нығайта берсін, – деді аймақ басшысы.

Концертте Қазақстан, Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Башқұртстан, Тыва Республикасы және Моңғолиядан келген өнерпаздар өнер көрсетті. Түркі әлемінің әншілері ұлттық және заманауи шығармаларды орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің сахнаға шығуы болды. Мыңдаған жанкүйер сүйікті әншісін ерекше қошеметпен қарсы алып, әндерін бірге орындап, мерекелік кештің көркін қыздыра түсті.

Осылайша, бірнеше күнге созылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі жоғары деңгейде қорытындыланып, қатысушылар мен қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлады.

Еске салсақ, фестиваль Берел ауылындағы «Патшалар алқабы» тарихи-мәдени кешенінде басталған болатын. Ұлт ақыны Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдығына арналған ас беріліп, «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» поэзия фестивалі өтті. Сондай-ақ көкпар мен бәйге ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлері дәріптелді. Ал «Ақтанымын Алтайдың» республикалық ақындар айтысында еліміздің әр өңірінен келген 12 үздік айтыскер бақ сынады.

Фото: F16
Фото: Алишер Байниязов/ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде ауа ластанады

Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады

09.09.2026, 16:07
ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

09.09.2026, 14:01
Жаз басталғалы 10 адам суға кеткен – ШҚО

Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзған 102 адам жауапқа тартылды — ШҚО

09.09.2026, 11:25
ШҚО-да 13,6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

ШҚО-да 13,6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

09.09.2026, 10:11

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады

09.09.2026, 16:07

ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

09.09.2026, 14:01

Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзған 102 адам жауапқа тартылды — ШҚО

09.09.2026, 11:25

ШҚО-да 13,6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

09.09.2026, 10:11

Тарбағатайда заманауи балық өңдеу кешені салынады

08.09.2026, 17:08

ШҚО-да «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

08.09.2026, 16:09

Жаңа жоба: өскемендік оқушылар логопедтердің жұмысын жеңілдетпек

08.09.2026, 15:08

«Кітап оқитын ұлт» марафонына тіркелу басталды — ШҚО

08.09.2026, 14:04

ШҚО-дағы экосаябақтарда қандай жұмыс атқарылып жатыр?

08.09.2026, 11:46

Агроөнеркәсіптік кешенге 26 млрд теңге инвестиция тартылды — ШҚО

08.09.2026, 10:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған