Катонқарағай ауданында 1 қаңтар күні із-түссіз жоғалып кеткен Азамат Сматовты іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Ер адамның хабар-ошарсыз кеткені туралы хабар полицияға 2026 жылғы 2 қаңтарда келіп түскен.
1979 жылы туған Азамат Сматов 1 қаңтар күні таңертең сағат 9.30 шамасында Мойылды ауылындағы шаруа қожалығынан атпен шығып, Катонқарағай ауылына қарай бет алған, Алайда азаматтың ауылға жетпегені анықталды. Қазір іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, — деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Азамат Сматовтың үстінде көк түсті күртеше, қара шалбар, керзі етік болған. Өзімен бірге камуфляж түсті рюкзак алып жүрген.




