16 тамыз күні Өскемендегі Ана мен бала орталығының невролог-эпилептолог пен нейрохирургтар ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлайды F16.kz.
Ашық есік күнінің мақсаты – балалардағы эпилепсия мен нейрохирургиялық патологияларды дер кезінде анықтау және осындай диагнозы бар кәмелетке толмаған науқастарға көмек көрсету.
Ата-аналар немесе баланың заңды өкілі келіп, білікті мамандардан тегін кеңес ала алады.
Ашық есік күні сағат 9:00-ден 15:00-ке дейін Өтепов көшесі, 37 мекенжайында (2-қабат) өтеді.




