Облыс орталығында атмосфералық ауаның ластану деңгейі әлі де жоғары деп бағаланып отыр. Қаңтар айында күкіртсутек мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан 500 рет асып түскен, деп хабарлайды F16.kz.
Қазгидромет қаңтар айындағы ауаның ластануы туралы мәліметтерді жариялады.
Ресми деректерге сүйенсек, 2026 жылдың алғашқы айында Өскеменде 15 күн қолайсыз метеожағдай жарияланған.
Нақтырақ айтқанда 2-4, 15-20, 22, 23, 28-31 қаңтар күндері. Максималды бір реттік шекті сөлшерден асуының ең көп саны күкіртсутек (543 жағдай), күкірт диоксиді (456 жағдай), көміртегі оксиді (141 жағдай), сутегі хлориді (83 жағдай) және фенол (9 жағдай) бойынша тіркелген, — делінген хабарламада.




