Бүгін Өскемендегі Амфитеатрда өтетін Open Air шарасына байланысты бірқатар жол учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды F16.kz.
Көшелер іс-шараның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жабылады.
Сағат 16:00 мен 23:00 аралығында Славский көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі Ертіс көпірінің астындағы жол учаскесінде көлік қозғалысы шектеледі;
Сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін Желтоқсан көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Қазақстан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады;
Сондай-ақ Пермитин көшесінің Желтоқсан көшесінен М. Горький көшесіне дейінгі бөлігінде және АДК-дан Желтоқсан көшесіне шығатын жолда қозғалысқа уақытша шектеу қойылады.




