Облыс орталығында Конституция күні мен Қала күніне орай бірқатар көшелер уақытша жабылады, деп хабарлайды F16.kz.
30 тамыз күні сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін төмендегі учаскелерде көлік қозғалысы тоқтайды:
- Қазақстан көшесі — Қабанбай батыр көшесінен Қайсенов көшесіне дейін;
- Горький көшесі — Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін;
- Нұрмағамбетов көшесі — Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін.




