Бүгін таңертең әлеуметтік желіде Әуезов даңғылындағы отқа оранған пәтердің видеосы кеңінен тарай бастады. Пікірде желі қолданушылары өрт шыққан пәтер жай пәтер емес, қоқыс полигонына айналған баспана екенін жарыса жазды, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ТЖД құтқарушылар әлі де оқиға орнында өрт сөндіріп, пәтер ішіндегі қоқысты шығарып жатыр.
Көршілердің айтуынша, пәтер иесінде «плюшкин» синдромы бар.
ТЖД қызметкерлері бөлмелердің бірінен газ баллонын сыртқа алып шықты. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ, — деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр.




