F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемендегі 3 базар жаңартылып жатыр

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
11.09.2025, 14:59
Жаңалықтар, Өскемен, Экономика
Өскемендегі 3 базар жаңартылып жатыр

Фото: F16.kz

Өскемендегі «Заречный», «Заря» және «Орталық» базарлары келесі жылдан бастап  тұтынушыға да, сатушыға да қолайлы, үлкен де жайлы сауда орындарына көшіріледі. Қазіргі уақытта базарды жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда инфрақұрылымын жаңғырту, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінде оның аясында саласындағы 400-ден астам кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды алған. Аймаққа жұмыс сапарымен келген Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, сауда нысандарын аралады.

Еліміз бойынша биыл 100 базарды жаңғырту жоспарланған. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 3 сауда орны бар. Жыл соңына дейін қаладағы «Заря», «Заречный» және «Орталық» базарлары жаңартылып, қолайлы сауда павильондарына көшіріледі. Айта кету керек, бұл жерлерде жылдары бойы өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер көп. Сауда кешенінің ішінен бірінші кезекте сол кісілерге орын беріледі. Бос орын қалып жатса басқа да кәсіпкерлерге мүмкіндік беріледі. Мұндағы басты мақсат – халыққа және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, — деп атап өтті  Ернұр Жәутікбаев.

Айта кету керек, қазіргі таңда «Заря» мен «Заречный» базарлары Сауда және интеграция министрлігінен мемлекеттік қолдау алған. Ал, «Орталық» базарының құжаттары дайындалып жатыр.

Жергілікті өнімдерге басымдық беріледі

1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Заречный» базарының аумағында қазір 5 жабық ғимарат және бірнеше сауда қатары орналасқан. 300-ге жуық кәсіпкер өз ісін жүргізіп отыр.

Мұнда жаңғырту жұмыстары былтыр қыркүйек айында басталған. Жылпа көлемі 3000 шаршы метрді құрайтын стационарлық сауда нысанының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Яғни, биыл қыста кәсіпкерлер өздеріне қолайлы, өз автотұрағымен қамтамасыз етілген  жаңа нысанға көшеді.

Жаңа сауда павильонын 2 айдың ішінде толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Шамамен 70 кәсіпкерге сауда орны дайындалды. Яғни, кәсіпкерлер толық сыймайды. Сондықтан көлемі 1000 шаршы метр болатын тағы бір нысан салуды жоспарлап отырмыз, — деді «Заречный» базарының директоры Тимур Мұзапаров.

Жылдар бойы жұмыс істеп, өскемендіктердің арасында танымал сауда орнына айналған «Зарченый» базарында азық-түлік те, азық-түліктен тыс киім-кешек тауарлары да сатылады.

Мен 15 жылдан бері осы базарда ер адамға арналған киімдер сатамын. Қазіргі орынымыз жаман емес, тазалық сақталған. Тек Шығыстың аязы қатты, көктем мен күзде жауын-шашын болып тұрады. Сондай күндері далада сауда жүрмейді. 2-3 сағат тұрып, жауып кетуге мәжбүр боламыз. Жаңа сауда нысанынан орын алып үлгердім. Енді бізге де, келушілерге де қолайлы болады деп ойлаймын. Басшылық жалға алу бағасы да көтерілмейтінін айтты. Ол да біз үшін үлкен көмек, — дейді кәсіпкер Батырбек Утепов.

 

1 - 3
- +

Базар директорының айтуынша, азық-түлік сатушылар жаңа сауда павильонынан орын көп сұрайды. Алайда, бұл жолы жергілікті өнім өндірушілерге басымдық берілмек

Азық-түлік сатушылардан сұраныс өте жоғары. Бірақ, мүмкіндігінше 100 пайыз жергілікті өнімдер сатылса деген ойымыз бар. Яғни, алдымен Шығыстан шығарылатын өнім сатушыларға орын беріледі. Осылай өз өнімдерімізге қолдау көрсетпекпіз, — деді Тимур Мұзапаров.

«Заря» мен «Орталық» базарларында да жұмыс жүріп жатыр

Мемлекеттен қолдау алған сауда орындарының бірі – «Заря» базары. Аталмыш базар, әсіресе, КШТ шағын ауданының тұрғындары арасында танымал. Бағасы тиімді болғандықтан келушілер де көп.

 

1 - 3
- +

2002 жылы пайдалауға берілген базарда азық-түлік тауарларына басымдық берілген.

Бізде қазір 35-40 кәсіпкер жұмыс істеп отыр. Келушілер көп болғандықтан жақсы жағдай жасалуы керек деп ойлаймын. Былтыр екі жаңа бір қабатты павильон салынып, толықтай орталық коммуникацияларға қосылды. Құрылысы жүріп жатқан жаңа нысан 560 шаршы метр болады. Шамамен 30-ға жуық кәсіпкер көшеді деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады, — деді «Заря» базарының директоры Баян Байгелинова.

Ал, 2000 жылы пайдалануға берілген Орталық базар екі негізгі стационарлық ғимараттан тұрады. Онда азық-түлік те, азық-түліктен тыс тауарлар да сатылады. Сонымен қатар аумағында павильондар мен сауда қатарлары орналасқан. Базарларды жаңғыртудың Жол картасы аясында бұл нысанда да жұмыстар жүргізілуде.

 

1 - 2
- +

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев келесі жылдың басынан бастап жаңғыртудан өтпеген базарлар жұмысын жалғастыра алмайтынын атап өтті.

ҚР Сауда министрлігі 2029 жылға қарай сауданың заманауи форматтарының үлесін 70%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 41%-ды құрайды. Сауда базарлары да заманауи стандарттарға көшуі тиіс, яғни өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес болуы, төлем карталары арқылы салық түсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуі, сондай-ақ тұтынушыларға ыңғайлы автотұрақ аймақтарымен жабдықталуы қажет.

Тегтер: TopбазарӨскеменсауда
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00
Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00
Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған