Өскемендегі бұрынғы №1 қалалық ауруханаға «Incisive CT» компьютерлік томографы (Philips) орнатылды, деп хабарлайды F16.kz.
Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған емханада жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тозығы жеткен ғимарат пен жабдықтарға, заманауи техниканың жоқтығына тұрғындар жиі шағымданатын.
Бір жылдан астам уақыт бойы ауруханада КТ болмады. Ургентті стационар үшін ол өте маңызды. Себебі құрылғының жоқтығынан науқастарды басқа медициналық ұйымдарға тасымалдауға тура келетін. Жаңадан орнатылған аппарат 64 срезді, яғни жедел және дәл диагностика жүргізуге мүмкіндік береді, — деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар.
КТ келесі айдан бастап толыққанды іске қосылады.




