Биыл өскемендіктер Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын ерекше атап өтеді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Болатбек Мамырбаев айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Қазір шаһарды безендіру жұмысы басталып кетті. Биыл мерекенің басты ерекшелігі – орталық алаңда бір мезетте 3 мың адам домбырамен ән шырқайды.
Наурыз мерекесін тойлау бойынша Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отырмыз. 22 наурыз күні сағат 9.00-де Республика алаңында 3 мыңнан астам адам домбырамен ән шырқайды. Өтінім берілді, арнайы комиссия бағалайтын болады. Өз үлесін қосқысы келетін кез келген қала тұрғыны қатыса алады, — деп атап өтті Болатбек Мамырбаев.
21 наурыз күні сағат 15.00-де дайындық болады, қатысуға ниетті тұрғындар ұлттық киіммен, домбырасын алып келуі керек.




