F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменнің әр ауданында жәрмеңке өтті, халық риза

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
15.11.2025, 12:15
Жаңалықтар, Өскемен

Өскемен тұрғындары сенбінің  таңында жәрмеңкеде жолығуды дәстүрлі үрдіске айналдырып алғандай. Өйткені соңғы жылдары әр сенбі сайын тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп келеді. «Туған жер — алтын бесігім» жобасы аясында өтетін жәрмеңкеге әр сенбі сайын бір аудан ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеліп саудалайды. Бұл жолы облыс орталығының халқын Күршім ауданының шаруалары қуантты, деп хабарлайды F16.kz.

Осы сенбіде жәрмеңке көрігін күршімдіктер қыздырды. Қала тұрғындарына қолжетімді бағада ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалап, аудан өнерпаздары өнерін паш етті. Таңның атысымен жәрмеңкеге асыға жеткен жұрт сүбелі етке, сары май мен құртқа қоржынын толтырып қайтты.

Жәрмеңкеге барын арқалап жеткен күршімдіктер мейлінше тұрғындарға қолжетімді бағада сауда жасап, ән-күймен көңіл көгін көмкеруге тырысып бақты.

— Күршім ауданынан 2800 кг сиыр еті, 1200 кг қой еті, 3,5 тонна жылқы еті, 1 тоннаға жуық балық, жарты тонна бал және ірімшік, құрт, сары май қатарлы табиғи өнімдерді  алып келдік. Қарапайым саудагерлермен бірге шаруа қожалығы иелері де мол өнімдерін алып келді. Көпшілікке танымал «Төре-Тоғам»-да өздерінің балық өнімдерін жұртқа саудалап жатыр, — деді Күршім ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ришад Ысқақов.

Бұл жәрмеңке Шығыс Қазақстан облысындағы қала мен ауыл тұрғындарын біріктіретін кең ауқымды шараға  айналып келеді. Жәрмеңке «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында ұйымдастырылып келеді.

Фото: F16.kz


Бұл жолы ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өздерінің ең сапалы өнімдерін ұсынды: жас ет, жаңа піскен көкөністер, хош иісті нан-тоқаш өнімдері, табиғи сүт тағамдары және қолөнер бұйымдары да бар. Жәрмеңкенің ерекшелігі сол, барлық өнімдер делдалсыз, өндірушіден тікелей, арзан бағамен ұсынылды.

Біз жәрмеңкені өнер көрсетіп жатқан әншілердің концертіне көңіл бөліп, құлақ түрген жұрттың қатарына келіп те біраз аялдадық. Қолындағы қоржын дорбасы қолын қиып бара жатса ән тыңдап, қошемет көрсетіп тұрған жандарға риза болдық.

— Өзім Күршім ауданынан көшіп келгенмін. Қалада тұрып жатқанымызға біраз жыл болып қалды. Ауылдың дәмін алып, әнін тыңдайық деп келіп қалдық. Құрт пен май алдым, туған жердің етін алдым. Ең бастысы ауылдың дәмі ғой деп алып жатырмыз. Жаңа ғана шырқалған әндері айтылғандай “Ауылдан адам көшсе де, адамнан ауыл көшпейді” екен ғой, — деді қала тұрғыны Динара Берденова.

Иә, аталмыш жәрмеңке нағыз мерекеге айналып келеді! Қала тұрғындарын ауданның шығармашылық ұжымдары әнімен таңғалдырса, саудагер жұрт дәмімен тамсандырды. Жәрмеңкеге келген көпшілік спорттық ойындарды да тамашалап, өздері де қатысып жатты.

Осылай ойдағы ел мен қырдағы жұрт бас қосып тойбазарда жолығып қайтты.

Бұл күнгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі тек “Алтай” көтерме-бөлшек сауда орталығында ғана емес, шаһардың әр тұсында ұйымдастырылды. Қала тұрғындары бірдей мүмкіндік алу үшін жәрмеңке бірнеше нүктеде қатар жұмыс істеді. Солардың бірі – Ивушка ықшам ауданындағы Дос-Нар базары. Мұнда таңертеңнен халық көп жиналып, жергілікті шаруалардың өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алды.

— Базардағы бағамен салыстырғанда мұндағы азық-түлік әлдеқайда арзан. Ең маңыздысы – өнімдер таза, табиғи, сапасы да жақсы. Мен зейнеткермін, біз сияқты қарапайым тұрғындар үшін мұндай жәрмеңкелер үлкен көмек. Апта сайын осында келіп, қажет дүниемізді қолжетімді бағамен алып жүрміз. Саудагерлердің де, ұйымдастырушылардың да жұмысына ризамыз. Осындай жәрмеңкелер жиі өткізіліп тұрса, тұрғындарға тіпті жақсы болар еді. Бұл – халыққа нақты пайдасын тигізіп отырған шара», – дейді Астана көшесінің тұрғыны, зейнеткер Қабыш Тілеуғабылұлы.

Екінші сауда нүктесі – Защита ауданындағы Теміржолшылар саябағы. Әдетте демалыс орны болып саналатын бұл алаң сенбі күні таза ауыл өнімдерінің орталығына айналды. Бұдан бөлек Согра ауданында орналасқан “Валентина” сауда үйінің маңында да жәрмеңке жұмыс істеп, тұрғындар жаңа піскен көкөніс, ет, сүт, құрт-май және басқа да өнімдерді сатып алды.

— Мен Согра ауданында тұрамын. Қазір соғым уақыты ғой, өткенде әйелім екеуіміз базарға барып, еттің бағасы ұшып тұр екен. Ал бүгін жәрмеңкеден соғымға керек етті айтарлықтай арзанға алдым. Бұл расында біз сияқты қарапайым халыққа үлкен көмек. Мұнда өнімдердің бәрі ауылдан әкелінген таза, табиғи, сапасы да жақсы. Бұрын жәрмеңке “Алтай” базарында өтетін, енді міне үшінші апта болды өзіміздің Сограда да өткізе бастады. Бұл өте дұрыс бастама болды, енді тоқтап қалмаса екен. Осындай шаралар жалғасып тұрса, тұрғындардың қалтасына да, күнделікті тұрмысына да жеңіл болар еді. Ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін, – дейді Согра ауданының тұрғыны.

Ал Жібек маталар комбинаты аумағындағы “Керуен” сауда үйінің алдында өткен жәрмеңке де қала халқынан үлкен қызығушылық тудырды. Бұл маңға келушілердің саны өзге базарлардан кем болған жоқ.

Қала әкімдігінің бастамасымен осымен үшінші апта қатарынан бес ауданның бәрінде бір мезетте азық-түлік жәрмеңкесі өтіп келеді. Мұндағы мақсат – жергілікті өнімге сұранысты арттыру, бағаның тұрақтануына үлес қосу және тұрғындардың таза, табиғи азыққа қолжетімділігін кеңейту.

Өскемендіктердің айтуынша, мұндай шаралар қаланың әр бөлігінде тұрақты түрде өткізіліп тұрса, халыққа да, шаруаларға да тиімді болар еді. Тұрғындар бұл бастама дәстүрге айналып, үзілмей жалғаса береді деген үмітте.

Тегтер: F16жәрмеңкеКүршімӨскемен
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған