F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Өңір үні: қоғамдық кеңестер – өзгерістер драйвері»: ШҚО-да өңірлік Азаматтық форум өтті

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
27.08.2025, 20:31
Жаңалықтар, Заң, Қоғам, Өскемен
«Өңір үні: қоғамдық кеңестер – өзгерістер драйвері»: ШҚО-да өңірлік Азаматтық форум өтті

Фото: Диас Жақыпов

Өскеменде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында «Өңір үні: қоғамдық кеңестер – өзгерістер драйвері» атты өңірлік Азаматтық форумы өтті. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог алаңына айналған форум облыстың түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам қатысушының басын қосты, деп хабарлайды F16.kz.

Іс-шараның пленарлық отырысына қатысқан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев бұл форум қоғам мен мемлекеттік органдардың арасында ашық әрі мазмұнды пікір алмасу дәстүрін қалыптастырып, оны жиырма жылдан астам уақыт бойы жалғастырып келе жатқанын айтты.

– Осы уақыт аралығында форум үкіметтік емес сектор, мемлекеттік құрылымдар, сарапшылар қауымы мен белсенді азаматтар бас қосатын өңірлік деңгейдегі басты алаңға айналды. Бүгінде аталмыш форум – әлеуметтік бастамаларды қолдаудың, азаматтық белсенділікті арттырудың және мемлекет пен үшінші сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды тетігі. Және біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра беруге ниеттіміз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Биылғы форумның негізгі тақырыбы өңірлік саясат пен реформаларды жүзеге асырудағы, қоғамдық бақылауды күшейтудегі, азаматтарды шешім қабылдау процесіне тартудағы және кері байланыс тетіктерін дамытудағы қоғамдық кеңестердің рөлі болды.

Қатысушылар қоғамдық кеңестерді әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарына негізделген өзгерістердің қозғаушы күші ретінде институционалдық тұрғыда дамыту жолдарын талқылады.

Форум жұмысына облыстағы аудан-қалалардың делегаттарымен бірге, Астанадан келген меймандар да қатысты. Сондай құрметті қонақтардың қатарында – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Гүлбара Сұлтанова, Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті, Ұлттық құрылтай мүшесі Бану Нұрғазиева да болды.

– Елімізде азаматтық қоғамның рөлі мен маңызы айтарлықтай күшейіп келеді. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен шектеліп қалмай, жаңа заңнамалық бастамаларды талқылауға да араласатын болды. Бұл – өте құптарлық жайт. Мәселен, соңғы уақытта үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері заң жобаларын әзірлеуге сарапшы ретінде қатысып жүргенін айту керек. Өткен сессияның өзіне ғана 300-ге жуық үкіметтік емес ұйым өкілі сарапшы ретінде тартылды, – деді Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай.

Айта кетейік, форум аясында панельдік сессиялар да өтіп, онда әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау, инклюзияны нығайту, экологиялық бастамаларды дамыту, жастардың қоғам өміріне белсене араласуы және ауылдық өңірлердің тұрақты дамуы сынды маңызды тақырыптар қамтылды. Бұл ретте форум сессияларының қаладағы этноауылда ұйымдастырылғанын атап өткен орынды.

Ал пленарлық отырыс барысында азаматтық қоғам инфрақұрылымын дамыту, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты нығайту, гранттық және ресурстық қолдау тетіктері, жастар секторының өркендеуі, волонтёрлікті ілгерілету және азаматтық белсенділікті арттыру сынды негізгі мәселелер сөз болды.

Форум қонақтары өңірде қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жетістіктер мен бастамаларға ерекше назар аударды. Форумды қорытындылаған пленарлық отырыс әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамытуға, ашықтық, әділдік және әріптестік құндылықтарын насихаттауға елеулі үлес қосқан азаматтық сектордың ең белсенді өкілдеріне алғыс хаттарды табыстау рәсімімен аяқталды.

Тегтер: F16Азаматтық форумСенаторларҮкіметтік емес ұйымШҚО әкімдігі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған