3-4 қазан күндері Өскеменде Самар ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында самарлықтар Шығыстың бас шаһарында мәдени және спорттық шаралар, әдеттегідей ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізуіді жоспарлап отыр.
3 қазан:
09:30 — танымал актер, сценарист Рысқұл Қонақбаевпен кездесу және «Юбилейный» кинотеатрында фильм көрсету, Қазақстан көшесі, 59
12:00 — Арбатта «Ұлттық киім» акциясы
17:00 — облыстық филармония фойесінде Самар ауданының мәдени мұрасы, зергерлік өнері мен жетістіктерінің көрмесі, Протозанов көшесі, 43
18:00 — облыстық филармония концерт залында өтетін «Самарым – шаттық мекенім» атты концерттік бағдарлама, Протозанов көшесі, 43.
Кештің арнайы қонағы — Медет Көжекбаев.
4 қазан күні таңертең Жібек Жолы көшесі, 44 мекенжайындағы «Алтай» көтерме-бөлшек орталығында жергілікті өнім өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары ет, сүт өнімдері мен көкеністерді арзан бағада ала алады.
5 қазан күні Стахановская көшесі, 3А мекенжайында Самар ауданы командалары арасындағы волейболдан жарыс өтеді.




