«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында осы апта Ұлан ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Ұлан ауданының әкімдігі де әдеттегідей, түрлі мәдени іс-шаралар мен сенбілік жәрмеңке ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Мәдени күндері 5 желтоқсан күні сағат 11:00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада бастау алады. Мұнда «Абай – рухани әлемінің айнасы» көркемсөз оқу байқауы өтеді.
Ал, кешкі сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында қала тұрғындары мен қонақтары Ұлан ауданы өнімдерінің және қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалай алады. Артынша 18.00-де «Ұлы мекен – туған елім» атты Ұлан ауданы өнер саңлақтарының гала-концерті басталады.
6 желтоқсан күні «Алтай» көтерме-тарату орталығында Ұлан ауданынан әкелінген өнімдер сенбілік жәрмеңкеге қойылып, түрлі спорттық ойындар өткізеді.
Сағат 10.00-де өнерпаздар халық әндерін әуелете шырқап, шеру жасайды.




