11 қазан күні, яғни ертең Бозанбайдағы Бүркіт төбеде бүркіт, қаршыға, ителгі жарыстарының ақтық бәсекесі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Фестивальдің соңғы күні финалдан бөлек, ұлттық киімдер шеруі, жамбы ату, теңге ілу, асау үйрету және басқа да мәдени шаралар жоспарланған.
Қазақстан, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдерден келген қатысушылар өздерінің мәдени мұрасын және этноспорттағы шеберліктерін көрсетеді.
Айта кетейік, ертең сағат 8:00-де «ADAL» автовокзалынан «Өскемен – Бозанбай – Бүркіт төбе» бағыты бойынша автобус шығады. Кері қайту рейсі сағат 16:00-де. Жол жүру құны —1000 теңге.
Маршрут бойынша «Эмилия», «Өзен вокзалы», «Фреш маркет», «Сәтпаев», «Сол жағалаудағы полиция бөлімі (общежитие)», «20-шағын аудан» аялдамаларына тоқтайды.




