F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Аққайнарда атқарылған істер көп

admin_f16 admin_f16
03.03.2025, 09:34
Басты

Апта басында жол түсіп, Катонқарағай ауданының орталығынан 20-30 шақырым жерде орын тепкен Аққайнар ауылына барып қайттық. Өткен жылы Дәулетбек Исабаев басшылық ететін «Катон-Карагайский ПДУ» мердігерлік ұйымы Аққайнар мен Жаңа Үлгінің арасындағы 12 шақырым жолға асфальт төсеу жұмысын бастаған.

\"\"Бүгінде 9,2 км жол асфальтталынса, қалған 2,8 шақырымды биыл жаз шыға мердігерлер толығымен аяқтайды, деп отыр округтің әкімшілігі. 

—      Бұдан бөлек, округ орталығы Аққайнардағы Абай көшесіне асфальт төсеу көзделген. Оның құжаттары қазіргі таңда әзірленіп, нәтижесін күтіп отырмыз, — дейді округ әкімі Серетхан Құрманов.

\"\" Аққайнар ауылында бұдан басқа да атқарылған ілкімді істер аз емес. Округ әкімінің айтуынша, өткен жылы жалпы сомасы 6,5 млн теңгеге ауыл ішіндегі көше жарықтандыру жұмысы жүзеге асырылған. Анығын айтқанда, 45 дана су жаңа жарықшам  орнатылса, 105 жарықшамға демонтаж жасалып, қайтадан ауыстырылған.

\"\" 

– Округ тұрғындары мен тумаларының бастамасымен арнайы қаражат жиналып, соның есебінен Аққайнар, Қызыл Жұлдыз, Қайыңды мен Ақмарал ауылдарындағы зираттардың қоршаулары толығымен жөнделді, бұдан бөлек, Қызыл Жұлдыз, Ақмарал, Қайыңды ауылдарының кіреберісіне елді мекен атаулары жазылған стелалар орнатылды. Аққайнар ауылында туып-өскен, бүгінде жан-жаққа қоныс теуіп, еңбек етіп жатқан елжанды жастарымыздың күшімен жаңадан  мешіт бой көтерді, – дейді С.Құрманов.

\"\"Иә, расымен де, аққайнарлықтардың береке-бірлігі көпке үлгі етерлік екен. Осында жасаған сапарымыздың барысында біз сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің бірімен жүздесіп, жасап жатқан тіршілігімен таныстық.

Қажетті құрылғыларды Павлодардан жеткізбек

 Аққайнарда ағайынды Иван мен Ярослав Петуховтар тұрады. Олардың өздері де, ата-анасы да, арғы ата-бабасы да осы ауылда туып-өскен. Марқұм әкелері Юрий Петухов көзі тірісінде ауылда тракторшы, орманшылықта еңбек еткен екен. 90-шы жылдарда ауылда кооператив құрып, самырсын майын өндірумен айналыса бастайды. Кейіннен Петуховтардың бұл кәсібі бірсыпыра жылға тоқтап қалады. Араға жылдар салып, әкелерінің бастаған ісін ұлдары жалғастыруды қолға алып отыр.

\"\"

– Әкеміз самырсын майын өндірумен қатар, ауылда диірмен орнатып, ұн да шығарған. Онан бөлек, қол сырасын да өндірумен айналысқан. Самырсын майын өндіруді биылдан бастап қолға алайық деп отырмыз. Қазіргі таңда «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау  палатасы арқылы 2,5 пайызбен 9,2 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге тиісті өтінім беріп, құжаттарымызды тапсырдық. Бұйырса, наурызда қаражат қолымызға тисе, күн жылына кәсібімізді жандандырамыз. Үйіміздің маңында  көздеп отырған өндіріске арналған ғимарат бар, соның іші-сыртын толықтай жөндеп, ретке келтіреміз. Цехқа қажет құрылғылар мен жабдықтарды Павлодардан сатып аламыз. Самырсын майы – бұл адам денсаулығына өте пайдалы дәрілік өнім. Әсіресе буын қақсап, аяқ-қолың, бел ауырғанда таптырмас ем. Ішке де қабылдауға болады, бірақ ол үшін сумен араластырып ішу қажет. Самырсын майын біз жазғы уақытта ғана дайындайтын боламыз. Әуелгі уақытта аудан аумағында, кәсібіміз жүріп кетсе, облысқа шығарамыз. Оның бәрін уақыт көрсетеді, – дейді кәсіпкер Иван Петухов (суретте).

Ағайынды Петуховтар самырсын майын өндірумен қатар, емдік шөптерден де дәрілік өнімдерді жасауға ынта танытып отыр. Бірақ әуелі қазіргі ойлаған істерін жүзеге асырып, аяққа тұрғызып алсақ дейді.

Егістікпен айналысады

Иван мен Ярослав Петуховтардың ауылда «Березка» атты шаруа қожалығы да бар. Аталған қожалықтың тізгінін әкелері өмірден қайтқан соң ұлы Иван ұстаған. Шаруашылықтың негізгі бағыты –  егіншілік. Бүгінде «Березка» ШҚ-ның иелігіндегі егістік алқаптары 150 гектарды құрайды. 

– Мал асырамаймыз, таза егістікпен ғана айналысамыз. Егістік жерлерінде бидай, арпа, сұлы, сондай-ақ күнбағыс өсіреміз. Күнбағысты өткен жылы ғана отырғыздық. Өткен жылғы орақ науқанында көрім өнім түсірдік. Күнбағыстың гектарынан, сұлыдан  20 центнерге тарта өнім алдық. Арпадан сәл аздау түсті. Бидай отырғызбадық. Дәнді дақылдан алынған өнімді ауданда мемлекеттік ұлттық паркке, Алтай қаласындағы май зауытына екі жаққа да  тиімді бағада өткіздік. Бастысы, ерінбей еңбек етсең, еңбегің зая кетпейді, – дейді шаруашылық басшысы Иван Петухов. 

Ағайынды Петуховтардың шаруашылығында қажетті техника да жоқ емес. Екі бірлік шынжыр табанды ДТ, доңғалақты ЮМЗ тракторлары жылдың қай мезгілінде болмасын қожалықтың жұмысына сақадай сай. Шаруашылық жұмысын Иван мен Ярослав екеуі ғана атқарып отыр, жазғы уақытта Иванның ұлы келіп болысады екен. 

Тимур Серікхан

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

350 үй, 150 киіз үй дайын: Катонқарағайда дайындық қызу

350 үй, 150 киіз үй дайын: Катонқарағайда дайындық қызу

18.06.2026, 16:29
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға тағы 9 жоба енгізілген – ШҚО

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға тағы 9 жоба енгізілген – ШҚО

17.06.2026, 17:29
Мал шаруашылығын субсидиялау мәселесі қайта қаралады – ШҚО әкімі

ШҚО-да 2030 жылға қарай ірі қара мал басын 53 пайызға арттыру жоспарланған

17.06.2026, 16:01
ШҚО-да музейлер мен спорт туризмін дамытуға ден қойылмақ

ШҚО-да музейлер мен спорт туризмін дамытуға ден қойылмақ

17.06.2026, 10:43

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған