F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Баспана мәселесі: үй кезегінде қанша жетім бала тұр? – Өскемен

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
10.07.2025, 18:05
Әлеумет, Басты, Жаңалықтар, Қоғам, Құрылыс, Өскемен
Баспана мәселесі: үй кезегінде қанша жетім бала тұр?

Фото: Ақмарал Мұхтарбекова

Шығыс Қазақстанда ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бүгін Өскемен қалалық әкімдігінде өткен дөңгелек үстел отырысында да дәл осы мәселе талқыға түсті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

«БАЛАЛАР ДАЛАДА ҚАЛАДЫ»

Еске салайық, биылғы мамыр айында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Жаңа заңға сәйкес, тұрғын үйге есеп қою, кезектілікті жүргізу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне («Отбасы банк» АҚ) көшеді. Бұдан былай мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға еліміздің кез-келген азаматы үміткер бола алады.

Өскемен қалалық әкімдігінде өткен дөңгелек үстел отырысында заңнамадағы өзгерістер де жан-жақты түсіндірілді. Жиынға мемлекеттік органдардың, «Отбасы банк» АҚ мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жергілікті мәслихаттың депутаттары қатысты. Басқосуда әсіресе ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту мәселесіне көп көңіл бөлінді.

«ШҚО жетім балалардың құқықтарын қорғау» қоғамдық қорының жетекшісі Александра Исмаилованың айтуынша, қазіргі кезде балалар үйінен шыққандардың басты проблемасы осы баспана мәселесі болып тұр.

– Бүгінгі басқосуда жетімдерге қатысты бірқатар проблема көтерілді. Оның біріншісі, тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуге тұруға байланысты. Қазіргі уақытта тіркеуге тұру – жетімдердің басындағы ең негізгі проблемалардың бірі. Балалар үйінен түлеп ұшқан жастар ешқайда тіркеуде жоқ, былайша айтқанда, далада қалып жатады, – дейді қоғамдық қордың жетекшісі.

БЕС ЖЫЛДА 287 ҮЙ: АЗ БА? КӨП ПЕ?

Александра Исмаилованың сөзіне қарасақ, жетімдерді баспанамен қамту мәселесі де өзектілігін жоғалтпай тұр. Бүгінде елімізде әлеуметтік осал санаттағылар үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің кем дегенде 20 пайызы жетімдерге бөлінеді екен.

– Бұл – жаман емес көрсеткіш. Дегенмен, мұның өзі де аздық етеді. Себебі, елімізде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бала өте көп. Сол себепті, алдағы жылдардың бірін жетімдер жылы деп белгілеп, осы санаттағы жастарға берілетін үйдің үлесін 20 пайыз емес, мәселен, 30 пайызға жеткізсек, жағдайды едәуір жақсартып алар едік. Бұл – менің өз пікірім, – деп ойымен бөлісті Александра Исмаилова.

Ал Өскемен қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Амантай Бақытұлының мәліметінше, соңғы бес жылда облыс орталығында ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға 287 үй берілген.

– Жыл сайын қаламызда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін бөлінетін тұрғын үйдің кем дегенде 20 пайызы балалар үйінің түлектеріне беріледі. Мәселен, былтыр ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарға 54 үй, оның алдындағы жылы 44 үй берілген. Бұл тұрғыдан Өскемен қаласы республикада Астана мен Алматы қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр. Жалпы, қазіргі уақытта Өскемен қаласы бойынша 12 700-дей адам баспана кезегінде тұрса, оның 2 129-ы жетімдер санатына жататындар екенін айту керек, – дейді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы.

Дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырушылар жиында қатысушылар тарапынан көтерілген барлық мәселе міндетті түрде құзырлы органдарға жеткізілетінін айтты.

Тегтер: F16Балалар үйібаспанаОтбасы банкӨскемен
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған