F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Күршімдегі айналма жолдың құрылысы қашан аяқталады?

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
11.07.2025, 17:02
Басты, Жаңалықтар, Күршім, Құрылыс
Күршімдегі айналма жолдың құрылысы қашан аяқталады?

Фото: Дана Әбдікәрім

Күршім ауылындағы айналма жолдың құрылыс жұмыстары қызып тұр. Қазір аудан орталығының сыртымен өтетін жол құрылысына 10-нан астам техника, 30-ға жуық адам тартылған, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

 

1 - 6
- +

КӨПІРДЕН КЕЙІНГІ ІРІ ЖОБА

Бас-аяғы 12 шақырымға жететін айналма жолдың құрылысы – соңғы жылдары Күршім ауданында көпірден кейін қолға алынған ең ірі инфрақұрылымдық жоба деуге болады.

Жоба аудан орталығы ішіндегі көлік қозғалысын едәуір жеңілдетіп, жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттырмақ. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың күзінде басталып, 2026 жылдың күзінде аяқталады деп жоспарланған.

– Биыл жоспарға сәйкес, жолдың төменгі қабатын төсеу, тегістеу жұмыстарын аяқтауға тиіспіз. Келер жылы үстінен екі қабат асфальт төселеді. Жол екі жолақты болады, ал жүретін бөлігі мен жиегін қоса есептегендегі жалпы ені 10 метрге жетеді. Жол бойында бір құбыр болады. Жалпы алғанда, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Жұмыс күші жеткілікті, – дейді «ОблШығысЖол» ЖШС №5 өндірістік жол учаскесінің бастығы Бағлан Ұябаев.

Жоғарыда жазғанымыздай, жоба аясындағы жұмыстар келер жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Дәлірек айтсақ, Күршім ауылын айналып өтетін жол 2026 жылдың қыркүйек-қазан айларында пайдалануға берілуге тиіс. Осы ретте жоба құны 3 миллиард 412 миллион теңге болатынын да айтқан жөн.

БАСҚА ЖОЛДАР ДА НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Аудан әкімдігінен хабарлағандай, 2025 жылы өңірде жол жөндеу жұмыстары мұнымен шектеліп қалмақ емес. Мәселен, ауылішілік жолдарға келер болсақ, биыл Алғабас ауылындағы Ибежанов, Күршім ауылындағы Шәкәрім, Зангин, Уражанов көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қаражат бөлу үшін бірнеше бюджеттік өтінім жолданған. Олардың арасында Сарыөлең мен Топтерек ауылдарындағы көшелердің жолдарын қалпына келтіруге қатысты жобалар бар.

Белгілі болғандай, 2025 жылы жалпы ұзындығы 134,4 шақырымға жететін аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға 213 миллион теңге қарастырылған.

Тегтер: TopЖолКүршімҚұрылысОблШығысЖол
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған