F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Ұланым» – шетелдік саяхатшылардың жүрегін тербеткен ән

admin_f16 admin_f16
05.03.2025, 08:00
Басты

Қазақстанға саяхаттаған сайын шетелдік қонақтар тек таңғажайып табиғатымызды ғана емес, ұлттық мәдениетімізді де ерекше сүйіспеншілікпен қабылдайды. Еуропалық саяхатшы жұп Силке және Киран Шэннон – соның жарқын мысалы.

Олар былтыр қазан айында өткен «Салбурын-2024» бүркітшілер фестиваліне келіп, Ұлан ауданының Бозанбай ауылында бірнеше күн бойы қонақ болған. 

Саяхатшылардың қазақ өнеріне деген ықыласы туралы белгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы өзінің Instagram парақшасында жазып, «Ұланым» әнін шырқап отырған Силке мен Киранның видеосын жариялады. 

— Естеріңізде болса, бұл достарым турист болып Қазақстанның біраз жерін аралаған. Ұлан ауданы, Бозанбай ауылында өткен Салбурын-2024 кезінде менің үйімде қонақ болып, біраз күн жатты. Сол кезде Нұртай аға екеуміз осы әнді үйретіп едік. Қазір сағынып еске алып жүр екен. Мына видеоны маған жіберіпті, — дейді Айшолпан.

Айта кету керек, саяхатшылар «Ұланым» әнін орындап, қазақстандықтардың жүрегін елжіретті. 

Әнді қалай үйренгендері туралы біз Силке мен Киранның өздерінен сұрап білдік. 

— «Ұланым» әнін үйрену біз үшін аса қиын болған жоқ, өйткені бізде керемет ұстаз болды! Біз Айшолпан Нұрғайыпқызының отбасында болдық, және бізге бұл әнді ағасы екеуі үйретті. Әуелі дастархан басында ән айтып бастадық, содан кейін ақырындап мәтінді жаттап алдық,— дейді саяхатшылар.

Силке мен Киран үшін Шығыс Қазақстанның сұлулығы ерекше әсер қалдырған.

— Шығыс Қазақстандағы ең сүйікті сәттеріміздің бірі – сөзсіз табиғат! Әрине, адамдарды да атап өтуге болады, бірақ біз қонақжайлылық пен мейірімділікті бүкіл Қазақстаннан сезіндік. Бізді ерекше таңғалдырған нәрсе – Катонқарағай, Қиын-Керіш және Зайсан көлінің табиғаты. Кейбір жерлер мүлде Жер шарындағы емес, басқа ғаламшардағыдай көрінді, — деп тамсанды екеуі.

Саяхатшылар алдағы уақытта Қазақстанға қайта келуді жоспарлап отыр

— Біз Шығыс Қазақстанға міндетті түрде қайта келеміз. Алдымен Батыс Қазақстанға барғымыз келеді, өйткені ол жақта әлі болмадық. Дегенмен Шығыста біз үшін әлі де ашылмаған көптеген сұлулықтар бар екеніне сенеміз, — дейді олар.

Қонақтардың ықыласы – халқымыздың бай мәдениеті мен дархан пейілінің айқын көрінісі. Шығыстың кең даласы мен әндері олардың жүрегінде мәңгілік із қалдырғаны сөзсіз.

Мадина Қайнарова

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30
Қытайдан Самарға туристік сапар ұйымдастырылуы мүмкін

Қытайдан Самарға туристік сапар ұйымдастырылуы мүмкін

23.04.2026, 15:08
Өскемен-Өлгей әуе қатынасы ашылады

Өскемен-Өлгей әуе қатынасы қайта ашылады

21.04.2026, 15:05
Өскемен – Рахман қайнары тас жолы кей көлік түрлері үшін жабылады

ШҚО-да жолдар жабылды

17.04.2026, 09:30

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

27.04.2026, 18:23

Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

27.04.2026, 17:38

ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

27.04.2026, 17:00

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз болуға тиіс — Аида Балаева

27.04.2026, 16:23

Шымкент халқы Шығысты таңдап отыр: биыл оңтүстіктен 200 адам көшіп келуге ниетті

27.04.2026, 16:00

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған