F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді – Президент

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
16.10.2025, 14:04
Басты, Жаңалықтар, Қоғам
Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді – Президент

Фото: gov.kz

Республика күні қарсаңында Астанада «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі» ұранымен ұйымдастырылған Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында пленарлық отырыс өтті, деп хабарлайды F16.kz порталы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жиын жұмысына 700-ден астам делегат қатысты. Олардың арасында Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес қауымдастығы, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар бар. Сондай-ақ, форумға 38 шетелдік қонақ, оның ішінде 19 елшіліктің өкілдері, 10 халықаралық ұйым және алты елден келген делегаттар қатысты.

Пленарлық отырыс Мемлекет басшысының құттықтау сөзімен ашылды. Президенттің сөзін ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев оқып берді.

«Қазір Қазақстанда 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Оларды мемлекеттің сенімді серіктесі деуге толық негіз бар. Шын мәнінде, сіздер еліміздің береке-бірлігін нығайтуға, «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыруға белсене атсалысып жүрсіздер. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді. Бес жылда арнайы әлеуметтік тапсырысқа бөлінетін қаржы екі есеге жуық өсті. Бұл қаражат игі бастамаларды жүзеге асыруға, мұқтаж жандар мен жастарды қолдауға жұмсалып жатыр. Ортақ мүдде жолындағы осындай өзара тиімді ықпалдастық алдағы уақытта да жалғасын табады. Бүгінгі басқосуда айтылатын салмақты ой-пікірлер мен ұтымды ұсыныстар азаматтық қоғамды дамытуға тың серпін береді деп сенемін», – делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Іс-шара барысында үкіметтік емес ұйымдар өкілдері тұрақты даму мен экологиядан бастап, цифрландыру, инклюзия және жастар бастамаларын қолдау сияқты негізгі бағыттар бойынша өздерінің сараптамалық баяндамалары мен ұсыныстарын ортаға салды. Форумға қатысушылар мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы тиімді серіктестік – Әділетті әрі тұрақты Қазақстанды қалыптастырудың берік іргетасы екенін атап өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева форум делегаттарына арнаған сөзінде мазмұнды баяндама жасаған барлық қонақтар мен спикерлерге алғысын білдірді. Ол бүгін айтылған идеялар мен ұсыныстар алдағы уақытта нақты іске асып, қоғамда өзара сенімді, әлеуметтік жауапкершілік пен ашық диалог мәдениетін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Аида Балаева Парламенттік реформаның маңыздылығын атап өтіп, бұл өзгерістер заңнамалық базаны жетілдіріп, мемлекеттік шешімдер қабылдау процесін барынша ашық әрі әділ ететініне назар аударды.

– Президент өз Жолдауында атап өткен Парламент реформасы – елдің саяси жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі. Реформа заң шығару мәдениетін жетілдіріп, мемлекеттік шешім қабылдау үдерісін ашық әрі әділ етуге жол ашады. Осы ретте барша азаматтық қоғам өкілдерін бұл бастаманы терең талқылап, оның мәнін қоғамға түсіндіруге белсене атсалысуға шақырамыз, – деді министр.

Соңғы бес жыл ішінде Азаматтық форумның қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдарға сүйене отырып, Қазақстанда стратегиялық маңызы зор бірқатар құжат қабылданды. Олардың қатарында «Азаматтық қоғамды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы», «Қоғамдық бақылау туралы» заң, сондай-ақ онлайн-петициялар институтын енгізу жөніндегі заңнамалық түзетулер және өзге де маңызды бастамалар бар.

Сонымен бірге, қоғамдық кеңестердің қызметін реттеу, бейбіт жиналыстар өткізу, қайырымдылық пен волонтерлік қызметті дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыруды жетілдіру бағыттарында елеулі өзгерістер енгізілді.

Республикалық форумның алдында еліміздің барлық өңірінде осындай 20 аймақтық кездесу өтті. Оларға 3 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Бұдан бөлек, жыл бойы салалық министрлер мен бейінді ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен бірқатар кездесу ұйымдастырылып, олардың нәтижесінде 200-ден астам нақты ұсыныс дайындалды.

Тегтер: F16Азаматтық қоғамАзаматтық форумМәдениет және ақпарат министрлігіПрезидент
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған