Қазақстан Үкіметі моноқалалар мен ауылдық аумақтарды дамыту жұмысын жандандыруда. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Елімізде 2030 жылға дейінгі өңірлік дамудың тұжырымдамасы бекітілді. Оның мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және өңірлердің экономикалық әлеуетін ашу.
Негізгі шаралар қатарында индустриялық аймақтар құру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды ауылдық жерлерде үйлестіре жүзеге асыру бар. Вице-министр мысал ретінде Бас жоспары бекітіліп, арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп жатқан Алатау қаласын келтірді. Сонымен қатар жобалық құжаттар әзірленіп жатыр.
Жоспарға сәйкес, 2028 жылға қарай елді мекендердің өңірлік стандарттар бойынша қамтамасыз етілу деңгейі 70%-ға, ал 2030 жылға қарай шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40%-ға жетуі керек.
Еске салайық, ШҚО-да моноқала мәртебесіне ие үш елді мекен бар, олар: Риддер, Алтай және Серебрянка.




