F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Заңсыз алтынның зардабы: Шығыста жер бүлініп, өзендер ластанды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
27.10.2025, 13:55
Жаңалықтар, Фоторепортаж

Шығыстың тұмса табиғатына заңсыз алтын қазушылардың әрекетінен орасан залал келіп жатыр. Кейінгі бірнеше жылда өңірдегі Марқакөл, Күршім, Самар, Ұлан аудандарында жер қойнауын игерушілер көбейді. Олардың ішінде бағалы металл өндіруге рұқсаты бар ірі компаниялар да, ешқандай лицензиясы жоқ топтар да бар. Tereze жобасының журналистері жазиралы жайлауы трактордың табанында тапталған, өзен-суы ластанған жерлерді аралады.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылының Сынтас жайлауы. Адам қолымен жасалған «тау».

Заңсыз алтын қазушылар топырақтың құнарлы беткі қабатын бульдозермен күреп, артынан қалпына келтірмей тастап кеткен. Осындай «жоталардан» көз сүрінеді.

Ұлан ауданы Айыркезең жайлауындағы алтын жуатын қондырғы. Бұл жерде рұқсат қағазы бар компания жұмыс істеп жатыр.

Қазылған жерлерге жауын-шашын суы жиналып, көлшікке айналады. Ал «мұндай көлшікке ауылдың малы түсіп, үйелеп өлген жағдайлар болды» дейді аты-жөнін атамауды өтінген бозанбайлық тұрғын.

Шығыс Қазақстан облыстық экология департаменті мемлекеттік экологиялық бөлімінің басшысы, аға инспектор Меруерт Жарылғасымованың сөзінше, экология кодексіне сәйкес, жерді пайдаланушы қоршаған ортаға келтірген залалды өтеуге міндетті.

Яғни, қазба жұмысын жүргізген соң игерілген аумаққа өсімдіктер мен ағаштарды егуі керек. Жерді қопарған тұлға анықталмаса, ол жұмысты мемлекет жүргізеді. Жалпы, қопарылған топырақ қабаты табиғи жолмен қалпына келуі үшін кемінде 10-20 жыл уақыт қажет… — дейді Меруерт Жарылғасымова.

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданына қарасты Кеңқарын учаскесі. Заңсыз бағалы металл өндірушілер Құлынжон өзенінің арнасын бұрып, табиғатқа 82 млн теңге көлемінде залал келтірген. (Фото: ҚМА түсірген бейнежазбадан көшіріп алынды. 20.10.2025ж.)

Бұл — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Қалжыр өзені жағасындағы алтын шаятын бассейн. Жергілікті тұрғындардың бірі өндіріске қолданған лас судың өзенге ағып жатқанын бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Халық дабыл қаққан соң құзырлы органдар қазба жұмысымен айналысып жатқан компанияны тексере бастады. Оның  нәтижесі әлі жарияланған жоқ. (Фото: әлеуметтік желідегі бейнежазбадан көшіріп алынған кадр. 28.07.2025 ж.)

Марқакөл ауданындағы Шаңдыбұлақ-9 учаскесі. Осы учаскеде жер қойнауын пайдалану кезінде экология заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін «Алтай-2024» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. (Фото: ШҚО экология департаменті. 18.09.2025 ж.)

Тегтер: TopФоторепортажШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған