Коалиция мүшелері Өскемен қаласындағы «DEMEY» оңалту және түзету орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұжымымен және ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен кездесу өткізду. Жиын барысында Конституциядағы өзгерістер талқыланып, білім беру саласы мен жастар үшін қарастырылған мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды, деп хабарлайды F16.kz.
Коалиция мүшесі Сергей Попов білім берудің зайырлы сипаты мен теңдік қағидаты — әр баланың сапалы білім алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Конституция жобасында адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі. Конституция жобасының 33-бабында азаматтардың міндетті бастауыш және орта білім алуына кепілдік берілген. Сонымен қатар конкурстық негізде жоғары білім алу құқығы бекітіледі. Бұл – әр азаматтың сапалы білім алуға заңмен қорғалған құқығы бар деген сөз. Білім бәсекесі күшейген заманда еліміздің болашағы – білімді жастардың қолында, – деді депутат.
Ал, Асел Жакупбаева жаңа Конституциядағы маңызды бағыттардың бірі – цифрландыру саласына тоқталды.
Конституция мәтінінде алғаш рет азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау нормасы енгізіледі. Конституциялық модель адамды, оның өмірі мен қадір-қасиетін мемлекеттің ең жоғары құндылығы деп тануға негізделген. Онда жеке өмірге қол сұқпаушылық кепілдіктерін күшейтіп, жеке және цифрлық деректерді қорғауды қамтамасыз етеді, – деді ол.
Кездесу барысында ата-аналар өз ойларын ортаға салып, ерекше балалардың білім алуы мен әлеуметтік бейімделуіне қатысты сұрақтарын қойды.




