Шығыс Қазақстанда күн күрт суытады, деп хабарлайды F16.kz.
Мамандардың 15 қазанға арналған болжамына қарағанда, аймақтың кейбір аудандарында ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді.
«Қазақстанның шығысында түнде ауа температурасы −1…−6 градус, кей жерлерде −3…−11 градусқа дейін төмендейді. Күндіз негізінен +3…+12 градус жылы болады. Өңірдің шығысында ауа температурасы −2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.




