F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
06.08.2026, 16:23
Жаңалықтар
Видеодан алынған кадр

Видеодан алынған кадр

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар білім беру, еңбек нарығы, экология және өңірлік даму мәселелері бойынша ұсыныстарын таныстырды. Тиістібастамалар телевизиялық дебат барысында және сайлаушылармен өткен кездесуде көтерілді.

 «Әділет» партиясының өкілі Рауан Кенжеханұлы OpenAI компаниясымен бірлескен бастама аясында Қазақстандағы 160 мың мұғалімнің ChatGPT Edu білімберу сервисіне тегін қол жеткізгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сервис оқу жоспарын, есептер мен басқа да жұмыс материалдарын әзірлеуге, сондай-ақ білім беру саласын басқарудағы талдау жұмыстарына пайдаланылуы мүмкін.

 Сондай-ақ дебат барысында ол ғылым мен экономиканың өзара байланысына тоқталып, жоғары оқуорындарында технологиялар трансфертінің тетіктерін дамытудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама ғылым мен экономиканың ықпалдастығын күшейтуге бағытталған.

ЖСДП өкілі Мақсұт Насибулов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, мұндай модель бірқатар дамыған елдерде қолданылады. Дебат барысында модератор ұсынған бастамада оны іске асырудың мерзімі, құны және нақты тетіктері көрсетілмегеніне назар аударды. Сондай-ақ Мақсұт Насибулов жоғары білімнің қолжетімділігіне қатысты партияның ұстанымын таныстырды.

Бұдан бөлек, ол мектептегі білім сапасы мәселесін көтеріп, білімді бағалау тәсілдерін жетілдірудің және жоғары сынып оқушылары үшін бейіндік оқыту мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызын атап өтті.

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының өкілі Аслан Байзаханов әлеуметтік желілер арқылы түскен көрермен сауалына жауап бере отырып, экологиялық үдерістерді зерттеуде, қоршаған ортаның жай-күйін бағалауда және экологиялық деректерді талдауда математикалық талдау мен есептеулердің қолданылуы туралы айтты.

«Ауыл» партиясының өкілі Шахмардан Байманов ауылды жерлерге жас мамандарды тартуға қатысты ұсынысын жариялады. Оның айтуынша, бастама ауылдық грантпен білім алған түлектерді өздерін оқуға жіберген елді мекендерге жұмысқа орналастыруды көздейді. Сонымен қатар ол қолданыстағы бағдарламалар аясында жас мамандарға көтерме жәрдемақы мен жеңілдетілген тұрғын үй несиелері берілетінін атап өтті.

«Ақ жол» партиясының өкілі Дулат Тәстекей Құрылтай жұмысы мен білім беру саласына қатысты ұсыныстарын таныстырды. Ол сөзінде бюджет қаражатының жұмсалуына парламенттік бақылауды күшейту, педагогтердің еңбекақысын арттыру және ғылыми-инновациялық жобаларды қолдау мәселелеріне тоқталып, бұл бағыттың білім мен ғылымды дамытудағы маңызын атап өтті.

Respublica партиясының өкілі Мейрамгүл Мәдәлі жасанды интеллектінің дамуына байланысты Мамандықтар атласын тұрақты түрде жаңартып отырудың маңызын айтты. Оның сөзінше, бұл өзгерістер 562 мамандыққа әсер етуі мүмкін, ал олардың бір бөлігі уақыт өте келе сұраныстан шығуы ықтимал.

Ұсынылған бастамалардың қатарында экономика қажеттіліктерін, жұмыс берушілердің сұранысын және түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ескере отырып, жасанды интеллектке қатысты жаңа бағыттарды енгізу мәселесі де көтерілді.

Сондай-ақ дебат барысында партия өкілдері өңірлердегі білім беру жүйесін дамыту, ауыл мұғалімдерін қолдау, мектеп пен балабақша құрылысына инвестиция тарту, IT бағытын, жасанды интеллектіні және ғылымның өндіріспен байланысын дамыту жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Тегтер: дебатқұрылтайпартиясайлау
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да партиялар тұрғындармен ашық форматтағы кездесулер өткізді

ШҚО-да партиялар сайлауалды жұмыстарын жалғастыруда

06.08.2026, 17:08
Алтай төрінде түркі рухы түлеген күндер

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады

06.08.2026, 16:30
Бұқтырма су қоймасының жағалауында рейд өткізілді

Бұқтырма су қоймасының жағалауында рейд өткізілді

06.08.2026, 15:57
Қытайдың жетекші көлік корпорациясы ШҚО-да жаңа жобаларды жүзеге асырмақ

Қытайдың жетекші көлік корпорациясы ШҚО-да жаңа жобаларды жүзеге асырмақ

06.08.2026, 15:05

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да партиялар сайлауалды жұмыстарын жалғастыруда

06.08.2026, 17:08

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады

06.08.2026, 16:30

160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект

06.08.2026, 16:23

Бұқтырма су қоймасының жағалауында рейд өткізілді

06.08.2026, 15:57

Қытайдың жетекші көлік корпорациясы ШҚО-да жаңа жобаларды жүзеге асырмақ

06.08.2026, 15:05

Тарбағатайлық тұрғыннан марихуана тәркіленді

06.08.2026, 14:11

ШҚО әкімі білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындығын бақылауға алды

06.08.2026, 12:12

Өскемендік ару Miss World 2026 байқауына аттанады

06.08.2026, 11:03

Зайсандық тұрғын ауылда оңалту орталығы мен инклюзивті этноауыл құруды ұсынды

06.08.2026, 10:24

Өскеменде коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

06.08.2026, 09:23

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған