F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ITB Berlin: ШҚО делегациясы неміс туриндустриясымен кездесулер өткізді

F16 F16
10.03.2026, 11:00
Жаңалықтар, Туризм
Фото: © Messe Berlin GmbH

Фото: © Messe Berlin GmbH

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірі – ITB Berlin аясында Германияның жетекші туристік қауымдастықтарының өкілдерімен бірқатар екіжақты B2B-кездесу өткізді. Келіссөздер көрме алаңында ұйымдастырылып, өңірдің туристік әлеуетін Еуропа нарығында ілгерілетуге және тікелей іскерлік байланыстар орнатуға бағытталды.

Кездесулердің бірі Германия туристік индустриясындағы ең ірі кәсіби бірлестіктердің бірі – Deutscher Reiseverband (DRV) өкілдерімен өтті. Сонымен қатар делегация Германиядағы тәуелсіз туристік компанияларды біріктіретін Allianz Selbständiger Reiseunternehmen (ASR) қауымдастығының мүшелерімен де келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері өңірдің туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Әсіресе, табиғи, аутентті және экологиялық туризм бағыттарын дамытуға, сондай-ақ еуропалық саяхатшыларға арналған арнайы туристік өнімдерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Кездесулер барысында қауіпсіздік мәселелерін, көлік логистикасын, сервистік инфрақұрылым деңгейін және өңірдің Еуроодақ елдерінен келетін ұйымдастырылған туристік топтарды қабылдауға дайындығын талқылады. Негізгі мақсат – тұрақты серіктестік байланыстар орнату, Шығыс Қазақстанның бірегей туристік бағыттарын халықаралық нарықта ілгерілету және кірме туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Келіссөздер нәтижесінде Германия туроператорларына Шығыс Қазақстан облысын арнайы таныстыру сапарын (инфотур) ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды. Мұндай сапар неміс туристік бизнесі өкілдеріне өңірдің табиғи ландшафттарын, орналастыру нысандарын, туристік маршруттарын және әріптестік бағдарламаларды дамыту әлеуетін өз көздерімен көруге мүмкіндік береді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға және Шығыс Қазақстанның туристік ұсыныстарын еуропалық нарықта кеңінен танытуға негіз болады.

Сонымен қатар көрме аясында маңызды келісімдердің бірі жасалды: Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Deutscher Reiseverband арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол жеткізілген келісімге сәйкес, 2026 жылдың тамыз айында Астана қаласында DRV Destination Forum өткізу жоспарланып отыр. Форум бағдарламасында Қазақстанның туристік әлеуетін таныстыру, неміс туроператорларымен B2B-келіссөздер ұйымдастыру және елдің негізгі туристік бағыттары мен инфрақұрылымымен таныстыру қарастырылған.

Келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан бойынша туристік турларды жетекші неміс туроператорларының каталогтарына енгізу және оларды Германия нарығында белсенді түрде ілгерілету.

Меморандумға қол қою және алдағы форумды өткізу Қазақстанның халықаралық әріптестікті кеңейту, кірме туристік ағындарды әртараптандыру және елдің бәсекеге қабілетті туристік бағыт ретіндегі имиджін нығайту бағытындағы жүйелі жұмысының жалғасы болып саналады.

Тегтер: ITB BerlinTopделегацияТуризмхалықаралық көрмеШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған