ШҚО-да маусымдық жұқпалы аурулар көбейіп, тұмаудың өршуіне байланысты 162 жалпы білім беретін мектептің 2013 сыныбы қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды F16.kz.
Қашықтан оқыту ұйымдастырылған мектептер:
- Алтай ауданында – 21 мектеп;
- Глубокое ауданында – 16 мектеп;
- Зайсан ауданында – 5 мектеп;
- Катонқарағай ауданында – 4 мектеп;
- Күршім ауданында – 8 мектеп;
- Самар ауданында – 7 мектеп;
- Өскемен қаласында – 46 мектеп;
- Тарбағатай ауданында – 10 мектеп;
- Ұлан ауданында – 10 мектеп;
- Үлкен Нарын ауданында – 6 мектеп;
- Риддер қаласында – 9 мектеп;
- Шемонаиха ауданында – 16 мектеп;
- Облыстық – 4 мектеп.
Бүгінде барлығы 34 655 оқушы уақытша қашықтан білім алып жатыр.
Сыныптағы оқушылардың 30%-дан астамы медициналық анықтамамен сабақтан босатылған жағдайда қашықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылданады . Білім беру процесі қашықтан оқыту талаптарына сай толық көлемде жалғастырылуда, — дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 109 мектептің 1 886 сыныбында кабинеттік жүйе уақытша тоқтатылды. Бұл сыныптарда 32 277 оқушы білім алуда.




