F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Әділет» партиясы: Бизнестің ұсыныстары өнеркәсіптік саясаттың «Ақ кітабына» енгізіледі

Madina Kainarova Madina Kainarova
03.07.2026, 12:14
Жаңалықтар
Фото: adilet-partiyasy.kz

Фото: adilet-partiyasy.kz

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің отырысында кеңінен талқыланды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен жиынға бизнес, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, қазақстандық өндірісті дамытуға бағытталған жүйелі өзгерістерді қарастырды.

Отырысты ашқан Айбек Дәдебай жаңа Конституцияның күшіне енуімен ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заңда бекітілген қағидаттар өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастыру арқылы нақты жүзеге асуға тиіс.

Соңғы он жылда өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 50 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10,2 пайыздан 13 пайызға дейін артқан. Ендігі міндет – жоғары қосылған құны бар өнім өндіретін кәсіпорындардың санын көбейту.

«Қосылған құн – XXI ғасырдың жаңа мұнайы. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіп туралы әңгіме – Қазақстанның экономикалық дербестігі туралы әңгіме деген сөз. Интеллектіні, технологияны және дайын өнімді экспорттайтын мемлекет әрдайым өз болашағын өзі айқындау ісінде әлдеқайда көп мүмкіндікке ие», – деді Айбек Дәдебай.

Кеңесте мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылардың пікірінше, бұл жүйе отандық өндірушілердің дамуына серпін беріп, жаңа өндірістердің ашылуына ықпал етуі қажет.

Саяси кеңес бюросының мүшесі, «Универсал» компаниясының басшысы Замира Кузиева жеткізушілерді бағалау кезінде тауардың шығу тегімен қатар, олардың Қазақстан экономикасына қосқан үлесін де ескеру қажеттігін айтты.

«Мемлекеттік сатып алу жүйесі тек тауарлар мен қызметтерді сатып алу тетігіне емес, сонымен бірге отандық өнеркәсіпті дамыту құралына айналуға тиіс», – деді ол.

«Каустик» АҚ-ның бас директоры Ермек Тоқмағамбетов мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруді ұсынды. Оның айтуынша, кәсіпорын өніміндегі жергілікті қамту деңгейі 95 пайыздан асады, ал өндірісті дамытуға салынған инвестиция көлемі 100 миллион АҚШ долларынан асқан.

«Елішілік құндылықтар деңгейін ескере отырып, өндірушілерді санаттарға бөлу жүйесін енгізу, сондай-ақ локализация деңгейі жоғары кәсіпорындарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларын басымдықпен ұсыну қадамдарын қарастыру қажет», – деді Ермек Тоқмағамбетов.

Жиында ішкі нарықты қорғау мәселесі де көтерілді. Қазақстандағы цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының басшысы Ғылымхан Қали ұлттық стандарттарды жаңарту сапасыз цемент импортының көлемін қысқартуға мүмкіндік бергенін айтты.

Ал «Адал Тауар» қауымдастығының төрағасы Гүлмира Уахитова былтыр елімізде 205 мыңнан астам контрафактілік өнім бірлігі анықталып, заңсыз айналымнан 8,6 миллион қорап темекі өнімі тәркіленгенін мәлімдеді.

«Адал еңбек ететін бизнес заңды қасақана бұзатындармен бәсекелесуге мәжбүр болып отыр. Ең негізгі мәселе – осы», – деді Гүлмира Уахитова.

Жиын қорытындысында Айбек Дәдебай өндірісті дамытуға қатысты ұсыныстардың қағаз жүзінде қалмай, нақты іске асуы маңызды екенін атап өтті.

«Конституция нормаларын кәсіпкерлер, инженерлер, жұмысшылар, инвесторлар және әрбір қазақстандық отбасы нақты сезінетін шешімдерге айналдыру маңызды», – деді партия төрағасы.

Ол сондай-ақ QR-код арқылы қазақстандықтар өз ұсыныстары мен мәселелерін онлайн форматта жолдай алатынын еске салды.

Іскерлік кеңес мүшелерінің барлық ұсыныстары алдағы уақытта Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының Ақ кітабына (White Paper) енгізіліп, онда бизнес өкілдерінің бастамалары, сарапшылардың ұсынымдары және оларды кезең-кезеңімен іске асыру жоспары қамтылады.

Дереккөз: adilet-partiyasy.kz

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын  сайлау туралы

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00
ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42
Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16

Еліміздегі ең ұзын бойлы түлек Amanzholov University-ді тәмамдады

07.07.2026, 18:11

Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала немесе қайта сайлана алады – Конституциялық Сот

07.07.2026, 15:56

Катонқарағайда халықтық спорт ойындары басталды

07.07.2026, 15:09

Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026, 13:08

Жылыту маусымына дайындық: Өскеменде әлеуметтік көмір сатылып жатыр

07.07.2026, 11:50

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері марапатталды – ШҚО

07.07.2026, 10:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған