F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
19.02.2026, 09:37
Жаңалықтар

Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының жұмысы шеңберінде Жетісу облысы активімен кездесу өтті. Іс-шара жаңа Конституция жобасы мен алда болатын республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмысының бөлігі ретінде ұйымдастырылды. 

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева өз сөзінде реформаның саяси-әлеуметтік мәніне кеңінен тоқтала келе, Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен қолға алынған өзгерістер мемлекеттік басқарудың әділ, орнықты әрі тиімді моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Кең көлемді реформалар пакетінің басты ережелерінің бірі ретінде бір палаталы Парламенттің құрылуын тілге тиек етіп, бұл өз кезегінде институттардың жауапкершілігін күшейтіп, заңнамалық үдерісті жеделдете түсетінін айтты.

Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы шешімі азаматтардың тікелей таңдауы арқылы тағдыршешті өзгерістерді бекітуге бағытталған маңызды демократиялық қадам деп есептеймін. Референдум – жай ғана формалды процедура емес, ол – стратегиялық маңызы зор шешімдерді қабылдауға халықтың тікелей қалысуының тиімді тетігі, — деп атап өтті Аида Балаева.

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек жаңа жобаның әлеуметтік және құндылық тұрғысындағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, адамдар Конституцияны қауіпсіздік пен әділдіктің іс жүзіндегі кепілдігі ретінде сезінуге тиіс.

Референдумда таңдау жасау – өз тағдырың үшін әрі мемлекеттің болашағы үшін жауапкершілік. Өйткені Конституция – мемлекеттің ғана емес, әрбір отбасының да қорғаны, — деп атап өтіп, қоғамдық келісім мен ұлттық құндылықтарды нығайтудың маңызын еске салды.

Жаңа жобаны талқылау жиынына Мәжіліс депутаты Никита Шаталов, Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова, Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, Жетісу облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт қатысты.

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп жаңа Конституцияның маңызы мен мазмұны туралы ойымен бөлісті.

Жаңа Ата заңның мазмұнында «Әділетті Қазақстан» идеясының арман-мұраты, мүмкіндіктері мен жауапкершілігі, сауалдары мен жауаптары көрініс тапқан. Ұсынылып отырған өзгерістердің терең мағынасы мен тарихи маңызын мен осыдан көремін, — деп атап өтті ол.

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова неке институтын конституциялық тұрғыда нығайту мәселесін көтеріп, мемлекеттің құқықтық және қоғамдық негіздерін нығайтудағы аталған нормалардың маңызын тілге тиек етті.

Некені ер мен әйелдің еркін әрі тең құқылы одағы ретінде конституциялық тұрғыда бекіту қоғам тарапынан қолдау тауып отырған неке моделін жоғары заңдық күші бар норма ретінде бекітуге, мемлекеттік органдардың құқық қолдану және профилактикалық қызметі үшін бірыңғай бағдар қалыптастыруға, некеге мәжбүрлеудің кез келген формасына қатысты нөлдік төзімділікті қамтамасыз етуге, отбасы институтын ұзақ мерзімді орнықты қазақстандық қоғамның негізі ретінде нығайтуға мүмкіндік береді, — деп түсіндірді Ж.Ысқақова.

Жетісу облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт Парламент атауының Құрылтай болып өзгеруі жайындағы бастаманың маңызы туралы айта келе, оның тарихи әрі рухани терең мәніне назар аударды.

Біз де Парламенттің Құрылтай деп аталуы туралы бастаманы жай ғана атын ауыстыру емес, тарихи тамырымызға қайту әрі ұлттық бірегейлікті бекіту ретінде қараймыз. Бұл – біздің мемлекеттілік дәстүрлеріміздің жаңғыруы мен дамуы, — деді ол.

Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева жаңарған Ата заңның басты ережелеріне қатысты ойын білдіріп, мемлекеттің құндылықтық бағдарларын нығайту мәселесіне ден қойды.

Әділдік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау Конституция деңгейінде тұңғыш рет бекітіліп отыр. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі Қазақстан халқы екені айқын жазылды. Басты идея – білімнің, ғылымның, мәдениет пен инновацияның, сондай-ақ адами капиталдың дамуына басымдықтың берілуі, — деп атап өтті ол.

Кездесу соңында аймақтық актив тарапынан қатысушылар сұрақтарын қойып, түсіндіру жұмысы бойынша ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, азаматтардың референдумға қатысуының маңызын атап өтті.

Тегтер: Аида БалаеваКонституцияРеферендум
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған