2026 жылы қаңтар-наурыз аралығындағы Air Astana компаниясының Астана – Өскемен рейстері тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы «Өскемен әуежайы» АҚ, мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Әуекомпаниясының ресми мәліметтеріне сүйенсек, өндірістік қажеттілікке байланысты 12 қаңтар мен 13 наурыз аралығында дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері Астана – Өскемен — Астана бағыты бойынша КС345/КС346 рейстері тоқтатылады.
Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana байланыс орталығына немесе билетті сатып алу орны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.




