Биылғы 20 қыркүйекте Өскеменде Қызылорда облысының мәдени күні өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Өнер жәрмеңкесінің бағдарламасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының фойесінде сағат 17.00-де «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» көрмесі ашылады. Ал сағат 18.00-де үлкен залда «Сұлу Сырдан шырайлы Шығысқа» атты Қызылорда облысының өнерпаздарының гала-концерті болады.
Ақмешіттен Алтайға ат байлаған шығармашылық өкілдері жергілікті жұртты саф өнермен сусындатып, тамаша рухани кеш сыйлайды деген сенім мол.





