F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Алаяқ атыңыздан несие рәсімдесе не істеу керек?

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
27.11.2025, 14:44
Жаңалықтар
Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Технология дамыған сайын алаяқтардың айласы да сан құбылады. Әдісі түрленгенміне, түпкі мақсат сол – шотыңыздағы ақшаны шешіп алуға немесе атыңыздан несие рәсімдеуге тырысады. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтың құрбаны болған жағдайда не істеу керектігіне нұсқаулық ұсынады.

ДЕРЕУ БАНККЕ НЕМЕСЕ МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫНА (МҚҰ) ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

Кредиттің алаяқтық жолмен ресімделгенін айтып кредиторға қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз. Мыналарды:

  • картаны, шотты және қосымшаны бұғаттауды;
  • жүгіну фактісін тіркеуді талап етіңіз.

ПОЛИЦИЯҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

Полицияға өтініш беріңіз (eGov, eOtinish немесе жеке барып). Банктің/МҚҰ-ның күнін, сомасын және атауын көрсетіңіз. Барлық дәлелдемені (SMS, алаяқтар қоңырау шалған нөмірлердің скриншоттары, хат-хабарлар, үзінді-көшірмелер) қоса беріңіз.

ПРОЦЕСТІК ҚҰЖАТТЫ АЛЫҢЫЗ

Полиция:

  • жәбірленуші деп тану туралы қаулыны(ҚПК-нің 71-бабы), немесе
  • қылмысқа ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегішаралар қабылдау туралы ұсынуды (ҚПК-нің 200-бабы) беруге тиіс, құжат тікелей кредиторға жіберіледі. Бұл құжат кредитордың пайызды (айыпақыны) есептеуін және қарызды өндіріп алуын тоқтата тұру үшін қажет.

ЕСЕПТЕУЛЕРДІҢ ТОҚТАТЫЛА ТҰРҒАНЫН ТЕКСЕРІҢІЗ

Кредитор полиция құжатын алғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде:

  • пайызды және айыпақыны (өсімпұл, айыппұл) есептеуді тоқтатуға;
  • берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті.

ЕГЕР КРЕДИТОР 4-тармақта көзделген ШАРАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТСА, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНЕ ШАҒЫМ

Банктің/МҚҰ-ның бас тартуын және полицияның процестік құжатын тіркеп, шағымды eOtinish порталы арқылы жіберіңіз.

БЕРЕШЕКТІ НЕГІЗДЕР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУҒА БОЛАДЫ

Алаяқтық кредитті есептен шығару автоматты түрде болмайды. Бұл банк/МҚҰ тарапынан бұзушылықтардың расталған фактілері, сондай-ақ полиция мен соттың құжаттары болған жағдайда ғана мүмкін болады.

  • Соттан тыс (сотсыз) есептен шығаруға негіздеме

Егер банк немесе МҚҰ міндетті талаптарды бұзса және полиция алаяқтық фактісін растаса:

Қандай бұзушылықтар маңызды болып саналады:

1) онлайн-кредитті ресімдеу кезінде биометриялық идентификаттау жоқ;

2) кредит клиенттің қарыз алудан ерікті түрде бас тартқаны туралы белгі қойылған кезде беріледі;

  • кредит берудің жас шектеулері бұзылған(кредитор бөлімшесінде жеке өзі болған кезде ресімделген кредитті алуға олардың келісімінсіз 21 жасқа толмаған немесе 55 жастан асқан адамға кредит берілген, не eGov порталы, кредиттік бюро немесе электрондық үкіметпен ықпалдастырылған кредитор жүйелері арқылы онлайн режимінде);
  • банкте 150 АЕК-тен жоғары сомаға және МҚҰ-да 75 АЕК-ке алғашқы тұтынушылық кепілсіз онлайн кредит беру жүзеге асырылды;
  • «шешім қабылдау кезеңі» сақталмаған– ақша белгіленген уақыттан бұрын берілген:

— 150-ден 255 АЕК-ке дейінгі сомаға банктік қарыз шарты жасалғаннан кейін және қарыз алушының келісімін алмай, 8 сағат бұрын,

— 255 АЕК-тен жоғары сомаға – 24 сағат бұрын;

— 75 АЕК-тен астам сомаға микрокредит 24 сағат бұрын.

Көрсетілген шектеулер, егер клиент бір күн ішінде бірнеше онлайн-кредит ресімдесе де қолданылады.

Ерекшеліктер: кредит тауарға, қызметке немесе жұмысқа ақы төлеу үшін беріледі және тікелей сатушыға төленеді немесе егер кредит бойынша берешекті сол банкте немесе микроқаржы ұйымында, сондай-ақ төлем картасы бойынша белгіленген лимит шегінде 150 АЕК дейін өтеу көзделсе.

Қандай құжаттар қажет:

1) сізді жәбірленуші деп тану туралы полиция қаулысы (ҚПК-нің 71-бабы), немесе

2) алаяқтық мән-жайларын жою жөнінде шаралар қабылдау туралы полицияның ұсынысы (ҚПК-нің 200-бабы).

Кредитор не істейді:

Кредиттің көрсетілген бұзушылықтармен берілу фактісі анықталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде және құқық қорғау органдарының процестік құжаттары болған кезде берешекті есептен шығарады, кредиттік тарихқа өзгерістер енгізеді және ұсталған соманы қайтарады.

  • Сот арқылы есептен шығару (соттың шешімі бойынша) негіздері

Егер банк/МҚҰ тарапынан бұзушылықтың жасалғаны айқын болмаса, бірақ полицияның тергеп-тексеруі алаяқтық фактісін растаса.

Не болады:

  • Полиция дәлелдер базасын жинайды және материалдарды сотқа тапсырады;
  • сот кредиттің алаяқтық жолмен ресімделу фактісін белгілейді және оның банк/МҚҰ жасаған бұзушылықтардың салдарынан болғанын растайды.

Банктің/МҚҰ-ның негізгі бұзушылықтары:

  • үшінші тұлғаның клиенттің идентификаттау деректерін заңсыз алуы және пайдалануы (құрылғыларды қашықтан басқаруды қоса алғанда);
  • биометриялық идентификаттаудың бұзылуы;
  • алаяқтық белгілерін анықтау және тіркеу жөніндегі талаптарды сақтамау.

Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не болады?

Кредитор 10 жұмыс күнінен кешіктірмей:

  1. мұндай кредит бойынша берешекті есептен шығаруға;
  2. клиентке ұсталған немесе төленген соманы қайтаруға;
  3. кредиттік тарихы жаңартуғаміндетті.

БІЛУ МАҢЫЗДЫ:

  • Полицияның процестік құжатынсыз немесе сот шешімінсіз банк/МҚҰ кредитті есептен шығара алмайды.
  • Есептен шығару қолданыстағы заңнама шегінде банктің/МҚҰ-ның белгіленген бұзушылықтары жағдайында ғанажүргізіледі.
  • Банк/МҚҰ талапты орындаудан бас тартқан кезде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне eOtinish порталыарқылы шағым беріңіз.
Тегтер: алаяқтықнесие
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған