«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 9 желтоқсаннан бастап антициклонның келуімен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды, деп хабарлайды F16.kz.
Ертең күндіз өңірде күн райы жылы болады. Кей жерлерде қар жауып, бұрқасын жел соғуы мүмкін. Алайда, түнде термометр бағаны -20°C-қа дейін төмендейді.
10 желтоқсан күні -20°C, түнде -28…-30 °C, ал 11 желтоқсанда -22…-24 °C аяз болуы ықтимал. 10-ынан 11 желтоқсанға қараған түні ШҚО-ның солтүстігі мен шығысындағы елді мекендерде термометр бағаны -33 °C дейін төмендеуі мүмкін, — дейді синоптиктер.




