Еліміздің шығыс өңірінде жаңбырдың соңы қатты аязға ұласуы мүмкін. Алдағы күндері аймақта ауа температурасы -33 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды F16.kz.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 12–14 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Бұған солтүстік-батыс антициклоны әсер етпек.
Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қарлы жаңбыр жаууы мүмкін, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Республиканың басым бөлігінде қатты жел тұрып, тұман түседі. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда көктайғақ және жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Алдағы күндері ауа температурасы өңірлер бойынша мынадай болады:
- Батыста: түнде -2…-12°C, күндіз -5…+5°C;
- Солтүстік және солтүстік-батыста: түнде -15…-25°C, күндіз -5…-13°C;
- Орталықта: түнде -12…-23°C, күндіз -1…-12°C;
- Шығыста: түнде -25…-33°C.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт суытуына байланысты сақ болуға кеңес береді.




