Алдағы күндері Шығыс Қазақстан облысы аумағында күн күрт суытады, деп хабарлайды F16.kz.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 10-11 мамыр күндері еліміздің шығысында жаңбыр жауып, арты бұршаққа айналуы мүмкін. Сондай-ақ қатты жел соғады.
Мамандар бұл күндері өңірде ауа температурасы күндіз плюс 8-18 градус болса, 12 мамырда түнде 0 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжап отыр. Үсік жүруі де ғажап емес.




