F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әлем сахнасындағы Қазақстан: 2025 жылғы мәдени серпіліс

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
22.12.2025, 17:17
Басты, Жаңалықтар
Фото: Абай облысы әкімдігі

Фото: Абай облысы әкімдігі

2025 жыл Қазақстаның мәдениет саласы үшін атап өтер айтулы оқиғалар мен толағай табыстарға толы болды.

Бейжің қаласында Қазақстанның мәдениет орталығы ашылды. Орталық өнер, тіл және мәдени алмасуға және еліміздің мұрасын таныстыруға арналған ең ірі алаңға айналды. Орталық 2000-нан астам адамды қабылдап үлгерді. Мәдениет алаңы көрме, білім беру және ағартушылық бағытта жұмыс істейді. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстанның мәдени дипломатиясын нығайту жөніндегі тапсырмаларына толық сай келеді.

2025 жылғы мәдени оқиғалардың ішінен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойын ерекше атап өткен жөн. Атаулы күн ЮНЕСКО-ның 2024–2025 жылдарға арналған халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар тізіміне енді. Бұл – композитордың әлемдік музыка мәдениетіне қосқан үлесін айқындайтын оқиға. ЮНЕСКО композитордың қазақ дәстүрін, фольклорлық мұра мен заманауи музыканы үйлестіре білген кәсіби шеберлігін жоғары бағалады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сонымен қатар, Абайдың 180 жылдығына орай Рим қаласында ұлы ақынның ескерткіші орнатылды. Бұл маңызды оқиға Италия халқының назарын аударып, Қазақстан мен Еуропа арасындағы мәдени байланысты нығайтты. Қырғызстанның Ош қаласында Абай атындағы көше, ескерткіш және музей ашылды. Бұл – елдеріміз арасындағы берік байланыс пен қазақ ойшылының ортақ мәдени тарихтағы орынын айшықтайды.

Сондай-ақ Армениядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқиға Президентіміздің Ереванға жасаған ресми сапары барысында мемлекет басшылары деңгейінде жасалған келісімдердің нәтижесінде жүзеге асты.

Тамыз айында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері қатысқан Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған ескерткіштің ашылуы өтті. Ескерткіш Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рухани және әдеби бірліктің символына айналды.

Биыл Ақтау қаласына Түркі әлемінің мәдени астанасы деген мәртебе берілді. Бұл мәртебені Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы берді. Ақтау жиырмадан астам елдің мәдениет майталмандарын қабылдап, фестиваль, көрмелер, конференциялар мен шығармашылық жобалар ұйымдастырды.

Сондай-ақ биыл Армения мен Ресейде Қазақстанның мәдени күндері өтті. Ал Қазақстанда Вьетнам халқының  мәдени күндері ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар халықаралық мәдени коммуникацияны нығайтып, елдің шығармашылық жобаларға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

2025 жылы қазақстандық театрлар да айтарлықтай жетістіктерге жетті. «Астана Опера» театрының шетелдегі гастрольдері аншлагпен өтіп, театр әртістері әлемнің жетекші сахналарында жоғары бағаланды. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Әнуарбек әлемдік операдағы ең беделді жобалардың бірі – Үлкен театрдың Жастар бағдарламасына конкурс арқылы қабылданды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: 2025 жыл қорытындысыАбай-180ҚазақстанМәдениетМәдениет және ақпарат министрлігі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған