Биыл қазақстандықтардың өмірінде елеулі өзгерістер болғанын әлеуметтік зерттеу нәтижесі көрсетті. Сауалнамаға 1000 респондент қатысып, сұрақтарға жауап берді. Олардың дені елдегі реформаларды оң қабылдады.
Цифрландыру – жылдың басты жетістігі
Кейінгі жылдары мемлекеттік цифрлық қызметтер барған сайын қолжетімді бола түсті, ал 2025 жылы азаматтар олардың әсерін өте жоғары бағалады: респонденттердің 81%-ы цифрландырудың арқасында «күнделікті мәселелерді шешу әлдеқайда ыңғайлы болды» деген пікірмен келіседі немесе ішінара келіседі.
Бұл тек технологиялардың тиімділігін көрсететін көрсеткіш емес, сонымен қатар цифрлық қызметтердің күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын білдіреді.
Инфрақұрылымдағы оң өзгерістер тұрғындардың назарында
Маңызды көрсеткіштердің тағы бірі – инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты қоғамның көзқарасы. Қазақстандықтар дәстүрлі түрде жылу, су және коммуналдық қызметтер мәселесіне ерекше көңіл бөледі, ал зерттеу деректері бұл бағытта оң өзгерістер бар екенін көрсетеді:
- Респонденттердің75%-ы2025 жылы ескірген желілерді қалпына келтіру үшін нақты шаралар қабылданды деп санайды.
Бұл нәтиже көзге көріне бермейтін инфрақұрылым жұмыстарының күнделікті өмірде де айқын байқала бастағанын көрсетеді.
Әлеуметтік әділеттілік: қайтарылған активтер халық игілігіне жаратыла бастады
Респонденттер мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – қайтарылған активтерді әлеуметтік нысандар салуға пайдалану өз әсерін тигізіп отырғанын да атап өтті.
- Қазақстандықтардың 57%-ымұндай әлеуметтік нысандар саны артып келе жатқанымен келіседі немесе көп жағдайда келіседі.
Адамдар өз маңайында салынған мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды көрген кезде, әділеттілік саясатының әлеуметтік әсері айқынырақ байқалады. Алайда жауап беруге қиналғандардың едәуір үлесі (15%) бұл тақырыптың қоғамға қосымша түсіндіруді қажет ететінін көрсетеді: көпшілік активтерді қайтару саясатының бар екенін біледі, бірақ нақты нысандардың осы қаржыландыру көзімен салынғанын әрдайым байланыстыра бермейді.




