Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласынан жүкті әйел Өскеменге Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен жеткізілді. Санитарлық авиация рейсін «Қазавиаспас» қызметінің тәжірибелі ұшқыштары Сергей Пинигин мен Леонид Калеканов орындады, деп хабарлайды F16.kz.
Ұшу кезінде санитарлық авиация дәрігерлері Айгүл Күдербаева, Марат Көксегенов және Антон Волков қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қажетті медициналық көмек көрсетті.
Мұндай шұғыл медициналық рейстер жоғары кәсібилік пен жылдам әрекетті талап етеді. Барлық қызметтердің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде жүкті әйел Өскемендегі медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.




