F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Алтайдағы аламан айтыс: ШҚО командасы келесі кезеңге жолдама алды

F16 F16
27.03.2026, 10:00
Жаңалықтар, Өнер өрісі, Өскемен
Фото: видеодан алынғар кадр

Фото: видеодан алынғар кадр

Шығыстың бас қаласы Өскеменде ұлттық өнерді ұлықтаған ауқымды мәдени шара – «Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық командалық айтыс өтті. Облыс орталығын жыр—думанға бөлеген өнер жәрмекесінде Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарының айтыскер, жыршы, күйші, термешілерінен құралған қос команда бақ сынады, деп хабарлайды F16.kz.

Рухани кештің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтыстың қазақ руханиятындағы орнына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, айтыс – халықтың болмысын, дүниетанымын, салт-дәстүрі мен тарихын айшықтайтын баға жетпес мұра.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Айтыс десе көз алдымызда қазыналы қазақ халқының ұлттық болмысы, салт-санасы, сан ғасырлық мәдениеті елестейді. Бұл – ұлттың жаны, төл өнердің ұлы көші. Былтыр ашылған Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебі көптеген дарынды жастың қанатын қатайтып, өнер жолына бағыттап келеді. Сонымен қатар Шығыс өңірінде республикалық және халықаралық деңгейдегі екі айтысты дәстүрлі түрде өткізуді жоспарладық. Мұның сыртында өңірдің аудан-қалаларын қамтитын облыстық айтыс өткізетін боламыз. Көне ғасырлардың қойнауында қалған, жыр, терме жанрларын да қолға алып, зерттеу жұмысымен айналысып жатырмыз. Бүгін бес өнердің басын қосан республикалық дода – командалық айтыстың біздің облысқа келуін зор қуанышпен қарсы алдық. Қос өңірдің командасына сәттілік тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі өнер додасын тамашалауға келген көрермендермен бірге залдан орын алды. Бұл да айтыстың халықтық сипатын, оның ел өміріндегі ерекше орнын көрсетеді.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Жобаның басты ерекшелігі – оның командалық форматта өтуінде. Әр өңірден келген топ құрамында 10 өнерпаздан бар. Олар тек суырыпсалма айтыспен шектелмей, қазақтың дәстүрлі өнерінің бірнеше бағытын қатар алып шықты. Атап айтқанда, қатысушылар терме айтып, жыр орындап, халық әндерін шырқады, күмбірлетіп күй төкті. Осылайша, сахнада қазақтың бай рухани мұрасы жан-жақты көрініс тапты.

Айтыс додасы көрермендерге ерекше әсер сыйлап, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Залдағы қалың жұртпен бірге сүлейлердің өнерін тамашалаған айтыстың ардагері, есімі елге мәлім ақтаңгер ақын Абаш Кәкенов ұлт руханиятының жаңа буын өкілдеріне жоғары баға беріп, жалындап өсіп келе жатқан жастардың тегеурініне ризашылығын білдірді.

Бүгінгі командалық айтысты бастан-аяқ тапжылмай отырып тамашаладым. Көңілден шықты. Қарағанды облысы – айтыс өнері ертеден қалыптасқан, өзінің дәстүрлі ән мектебі бар, жыршы-термешілерімен мақтана алатын, ұлттық мәдениеттің мәйегінен сусындаған рухани бай өңір. Осындай бай дәстүрі бар өңірдің өнерпаздарымен терезесі тең дәрежеде сөз таластырып, додаға түсіп жатқан Шығыстың ақын-жыршыларына разы болдым., Жас ақындар шығып келе жатыр екен. Қандай керемет. Жалындап тұр. Сахнада жаттанды сөз емес, суырыпсалып айтып отыр. Біздің облыстың командасы жоғары деңгейде өнер көрсетті, – деді Абай Кәкенов.

Фото: F16.kz

Бұл кеште әр өнерпаз өз өңірінің намысын қорғап, сахнада бар шеберлігін көрсетуге тырысып бақты. Бұл тек жарыс емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу мен шығармашылық байланысты нығайтатын маңызды алаң болғанын айта кету керек.

Жоба 2024 жылдан бері Amanat партиясының бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Жоба авторы – Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай. Ал айтыстың әділ бағаланып, жоғары деңгейде өтуіне қазылық етіп жүрген – айтыс өнерінің абызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Өскемендегі айтыс басталмай тұрып облыс әкімі қос команда өкілдерінің өнеріне баға беретін Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасына құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.

Жыр додасына Шығыс Қазақстан облысының командасын ақтаңгер ақын Серік Құсанбаев бастап шықса, Қарағанды командасын Айтбай Жұмағұлов бастады. Қос команда өкілдерін жас өнерпаздар Ерқұлан Бекболат (ШҚО) пен Дәулен Дарын (Қарағанды) таныстырды.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен сөз барымтасы басталды. Бірінші болып кезек алған Шығыстың ақыны Ардабек Ақбаба мен қарағандылық Еркеғали Бекболат сүре айтыстың тамаша үлгісін көрсетіп, қалың көрерменнің қошеметіне бөленді. Олардан кейін жұрт алдына жыршылар шықты. Бұл сайыста Шығыстың намысын Ауданбек Жұмабай қорғаса, қонақтар қатарында Ботпай Нұралі өнер көрсетті. Түре айтыста Қуаныш Еркінұлы (ШҚО) мен Жанарыс Тілеубек (Қарағанды), күй тартыста Естай Матабаев (ШҚО) пен Балқан Смағұлов (Қарағанды), қыз бен жігіт айтысында Жұлдызай Маратбекқызы (ШҚО) мен Нұрмұхамед Байсүгіров (Қарағанды) бақ сынады. Дәстүрлі ән сайысында Алпыс Жақиянов (ШҚО) пен Шыңғыс Сәрсенбай (Қарағанды) сынға түссе, термешілер бәсекесінде көрермендер Талант Мәжитов (ШҚО) пен Дәуренбек Аркеновтің (Қарағанды) өнерін тамашалады. Сөз сайысының ең қызық түрі – қайым айтыста қос команданың ең мықты ақындары додаға түсті. Шығыс Қазақстанның атынан ақтаңгер ақын Серік Қуанған шықса, Қарағанды жұрты Дидар Қамиевке сенім артты.

Дүбірлі өнер жарысының қорытындысын жария еткен қазылар алқасының төрағасы, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан», «Құрмет», «Парасат» ордендерінің  иегері Жүрсін Ерман ұпай басымдығымен келесі кезеңге Шығыс Қазақстан облысының командасы екі өткенін мәлімдеді.

Шығыс Қазақстан облысының ақындарын шын жүректен құттықтаймын. Бұл айтыста тек біздің өңір емес, тұтас қазақ өнері, қазақ елі жеңіске жетті деп есептеймін. Айтыс – ұлттың жаны, төл өнердің ұлы көші. Осы дүбірлі көшке Шығыс өңірі – біз де қолдан келгенше үлесімізді қосып, барынша қолдау білдіріп келеміз. Айтыстың алтын дәуірінде атойлап, аламанда шаңдатқан Абаш Кәкенов, Серік Құсанбаев қатарлы аға буын мен бүгінгі Серік Қуанған бастаған жастар ел мақтанышына айналып отыр. Осындай додалар арқылы біз өз мәдениетімізді дәріптеп, келер ұрпаққа аманаттаймыз, – деді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Өскеменде өткен «Алтайым – алтын бесігім» айтысы – ұлттық өнерді жаңғыртып қана қоймай, оны жаңа форматта дамытудың жарқын үлгісі бола білді. Мұндай жобалар жастардың дәстүрлі өнерге деген қызығушылығын арттырып, қазақ мәдениетінің өміршеңдігін айқындай түседі.

Тегтер: F16айтысАлтайым - алтын бесігімжыркүйҚарағанды облысыөнертермеШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған