F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Altay invest-2025: ШҚО экономикасына 740 млрд теңге инвестиция бағытталады

F16 F16
26.09.2025, 16:10
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: Дана Әбдікәрім

Фото: Дана Әбдікәрім

Бүгін, Өскеменде өткен «Altay Invest-2025» инвестициялық форумында 40-тан астам меморандумға қол қойылды, олардың жалпы сомасы 740 млрд теңге, деп хабарлайды F16.kz.

Инвестицияның басым бөлігі энергетика, агроөнеркәсіп кешені, туризм және көлік инфрақұрылымы салаларына бағытталмақ. Тек су электр энергиясын дамытуға ғана 300 млрд теңгеден астам инвестиция тартылмақ. Нәтижесінде өңірде бірнеше ірі су электр станциясы салынады. Оның ішінде қуаты 200 МВт, құны 200 млрд теңге болатын Үбі өзеніндегі шағын СЭС пен 87 млрд теңгеге бағаланған Шемонаиха ауданында (Үлбі өзені) жүзеге асырылатын жоба бар.

Қытайлық әріптестермен жасалған келісімдер де айрықша маңызға ие. Құны шамамен 108 млрд теңге болатын жоғары сапалы ауыл шаруашылығы жерлерін құру жөніндегі ауқымды Қытай-Қазақстан жобасы, сондай-ақ Шаньдун провинциясының Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы мен Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғылыми ынтымақтастық туралы келісімі бар. Бұл агроөнеркәсіп секторына озық технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Инфрақұрылымдық жобалар да назардан тыс қалған жоқ: Өскемендегі Серікбаев көшесін ұзарту және кейін Ертіс өзенінің үстінен көпір салу жобасы 115 млрд теңгеге бағаланды. Ал әйгілі Марқакөлге апаратын автожол құрылысы 62 млрд теңге тұрады. Бұл жобалар көлік қатынасын арттырып қана қоймай, туризм мен бизнесті дамытуға мықты негіз болады.

Сондай-ақ болашағы зор бағыттардың бірі ретінде Катонқарағай ауданында қонақүй кешенін салу, Сібе көлдерінде демалыс аймағын дамыту, Күршімде заманауи кәріз тазалау нысандарын және қоқыс өртеу арқылы электр энергиясын өндіретін станция салу, жаңа ет комбинаттары, ауыл шаруашылығы қалдықтарын өңдеу және құрылыс материалдарын шығаратын өндірістерді іске қосу жоспарда бар.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мұндай нәтижелер инвесторлармен сенімді диалог орнату мен бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған жүйелі жұмыстың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Бүгінгі форум аясында жалпы құны 740 млрд теңге болатын 40-тан астам меморандумға қойыл қойылды. Нәтижесінде өңірімізде жұмыс істеп тұрған нысандар қайта жарақтандырылып, жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл өңірдің дамуына қуатты серпін береді деп есептейміз. Осы жобаларды жүзеге асыруға бізде барлық мүмкіндік бар. Қазба байлық та, жер үстінің байлығы да, ең бастысы еңбекқор халқымыз бар. Жергілікті билік өз тарапынан инвесторларға еліміздің заңнамаларына сай тиісті қолдау көрсетеді, – деді аймақ басшысы.

«Altay Invest-2025» форумы Шығыс Қазақстанның орасан инвестициялық әлеуеті бар екенін және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық өңірді жаңа экономикалық даму деңгейіне шығаратынын көрсетті.

Тегтер: Altai Invest-2025F16ИнвестицияӨскеменСақтағановШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған