F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Алты жылда Азияға дабысы жеткен дода

F16 F16
12.10.2026, 12:43
Жаңалықтар
Аяужан Утеулинованың суреті

Аяужан Утеулинованың суреті

Шығыс Қазақстанда бүгінде Бүркітшілер ауылы бар. Ұлан ауданындағы Бозанбайды бұқара-халық осылай атап кетті. Кейінгі бес-алты жылдың ішінде аймақта дәстүрлі саятшылық өнер кең дәріптелгені мәлім. Ұлан жері құсбегілердің құтханасына айналса, Шығыс өңірі ұлттық өнерді өз биігіне жақындата түсті. Бүгінде өңір жұртшылығы, алыс-жақындағы саятшылар мен саяхатшылар «Шығыс салбурынын» асыға күтеді. Құс салуға құмар қауым биыл да бөркін аспан атып, әйгілі Бүркіттөбеде І Азия кубогінің алауы жағылды.

Ауыл тойынан Азия біріншілігіне дейін

2021 жылы Бозанбай ауылында алғаш рет бүркітшілер турнирі ұйымдастырылды. Ел есінде, Үржар ауданынан белгілі құсбегі Тәттімбет Кәпұлы бастап жеті саятшы келді. Ұлан ауданынан алты құсбегі шықты. Көкшегір қыранын көтерген үржарлық азамат Ырыздық Қасейін тұңыш рет ұйымдастырылған  турнирде топ жарған еді.

Ал 2022 жылы бұл турнир «Шығыс салбурыны» деген атаумен халықаралық фестиваль мәртебесіне ие болды. Бұл жолы Моңғолия, Қырғызстан, Мажарстан және Ресейден келген 30 бүркітші шеберлік байқасты. Сондай-ақ саятшылар тазы жүгіртті. Бүркітшілер тойын ауыл жұрты ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар және алыс-жақын шетелдерден ат басын бұрған туристер тамашалады.

«Шығыс салбурыны» жыл сайын ұйымдастырылып, дәстүрлі додаға айналды. Ал Бозанбайдағы Бүркіттөбеде саятшылық өнердің тұғыры болып биіктеді. Биыл әйгілі Бүркіттөбеде І Азия кубогінің алауы жағылды. 9 шет мемлекеттен және ел өңірлерінен екі жүзге жуық саятшы бас қосты. Осыдан-ақ бүркітшілер тойының ауқымын аңғаруға болады.

«Бүркітші тау басында, қағушы ойда…»

Құсбегі Бүркіттөбеге көтеріліп, ойдағы бас қазы белгі берген соң томағасын алып қыранын салады. Аспан серісі қалықтап келіп, көздегеніне түседі. Бүріп ұстап, басып жатады. Өңір жұртшылығы және алыс-жақын шетелдерден келген туристер Бүркіттөбеде екі күн бойы осы қызықты тамашалады. Бүркіт, қаршығы және ителгі көтерген құсбегілер топ-топқа бөлініп сайысқа түсті.

Бүркіт салғандар арасында Жамбыл облысынан келген Серікболсын Жалғасұлы үздік шығып, бірінші орынға лайық болды. Сайыстың екінші жүлдесі астаналық құсбегі Ерасыл Серікбекұлының еншісінде. Үшінші жүлде алматылық ару-бүркітші Аяжан Даниярқызына және Ақмола облысынан келген Бергенбай Тастанбекке бұйырды.

Қаршыға салған құсбегілердің арасында Шығыс өңіріне Түркістан облысынан ат басын бұрған Зәки Махмұтхан бірінші жүлдені қанжығалады. Екінші орын жамбылдық Берікболсын Бабажанның еншісінде. Үшінші орынды шығысқазақстандық құсбегі Мүбәрак Халифа-Алтай мен астаналық саятшы Ерасыл Серікбекұлы бөлісті.

Ал ителгімен сынға түскен құсбегілердің ішінде Қарағанды облысынан келген Темірәлі Төлегенұлының асығы алшысынан түсіп, сайыстың бірінші жүлдесі Арқаға жол тартты. Екінші орынға жамбылдық Бақдәулет Бабажан лайық болды. Үшінші орынның жүлдесіне Ақмола облысынан келген қос құсбегі қатар қол созды. Олар – Ералы Тастанбек және Әнуар Кеңес есімді саятшылар.

«Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға…»

Биылғы додада ерекше аталым бар: «Ең үздік ұлттық Салбурын киімі». Серілердің сырт келбетіне, ұлттық нақышпен өрнектелген саятшыға тән ыңғайлы, ықшам киіміне арнайы комиссия өкілдері баға берді.

Ұлттық киім – халқымыздың болмысын, салт-дәстүрі мен эстетикалық талғамын танытатын мәдени мұра. Ал саятшылық өнерде киімнің көркемдігімен қатар, оның қолайлылығы мен ықшамдығы да маңызды. Сондықтан қазылар алқасы қатысушылардың киім үлгілерін бағалау кезінде осы ерекшеліктерге назар аударды.

 «Ең үздік салбурын киімі» аталымына Моңғолия елінен келген Ербол Монғолхан лайық болды.

– Қырық алты жыл құс көтеріп келемін. Менің үстімдегі ішік сегіз қасқырдың терісінен тігілген. Құс салған адамға әрі жылы, әрі ыңғайлы киім керек. Қысқыр ішік нағыз аңшының киімі, – дейді қарт құсбегі.

Ал «Салбурын» сәні – ұлттық киім» аталымы Алматы қаласынан келген Таңат Ғабиттің еншісінде.

Сондай-ақ тағы бірқатар қатысушыға арнайы аталым табысталады:

«Үздік ұлттық ер киімі» – Сая Орысбай (Моңғолия)

«Ұлттық «Салбурын аруы» – Аяжан Даниярқызы (Алматы)

«Сәнді этнокиім» – Фабос Бенце (Мажарстан)

«Үздік ұлттық әйел киімі» – Айсұлу Бекниязова (Алматы)

«Үздік ұлттық бала киімі» – Нұрасыл Бақытбек

«Ең сәнді ұлттық нақыш» – Қамитжан Архат (Тарбағатай)

«Салбурын серісі» – Бақмерей Маркс (Ұлан ауданы)

«Бірлік әртүрлілікте» – Шыңғыс Дейханов (Қырғызстан)

«Үздік этномәдени белгі» – Ақжол Қаршығанов (Ресей)

«Сәнді салбурын өрнектері» – Нажитбан Горький (Ұлан ауданы)

«Томағалы бүркіт, бапкер киімі» — Жәнекей Баққанат

«Салбурын тұлпары» – Алпамыс Далайхан (Моңғолия)

 «Салбурын сәні» – Жулен Бара (Испания)

«Салбурын сәні» – Әбдікәрім Төлей (Түркия)

«Салбурын сәні» – Шаймардан Әзен

«Салбурын сәні» – Биқадыр Тоқтархан (Қытай)

«Салбурын сәні» – Болатбек Бақтияр (Қырғызстан)

Алты жасар бүркітші

Биылғы құсбегілердің ең кішісі – Нұрасыл Бақытбекұлы. Алты жасар азамат-бала Бүркіттөбеге «Мұзбалақ» атты қаршығасын көтеріп келді. Өзі Ұлан ауданының тумасы. Құсбегілікке әкесі баулыған. Бұл жанұяда саятшылық өнерден сырт қылған адам жоқ көрінеді.

– Ұлым алты жасынан құс көтерді. Бүркіттің салмағы ауыр болғандықтан, қаршыға баптап үйренді. Жарым да құсбегілікке әуес. Құс салу десе, ішкен асын жерге қояды. Ұлым болашақта өңірдің намысын қорғап, ірі додаларға қатысады деп үміттеніп. Әлі де дайындығымызды мықтап, шыңдалуымыз керек, – дейді бала бүркітшінің әкесі Бақытбек Манай.

Нұрасылдың қанжығасы майланды. Ең жас бүркітші аталымы ұландық өреннің еншісінде.

Түркиядан Қазақ еліне төртінші рет ат ізін салды

Түркиялық құсбегі Мутлу Недим Қазақ еліне төртінші рет ат ізін салып тұр. Шығыс шаһары – Өскеменді өзінің Измирінен кем көрмейді. Алтайдың тұмса табиғатына ғашық екенін айтты бауырлас елдің перзенті.

– Қадірлі қазақ халқын өте жақсы көремін. Елін, жерін ұнатамын. Бозанбай ауылындағы той өте жақсы өтіп жатыр. Осында болғаныма қуаныштымын, – дейді құсбегі Мутлу.

Мутлу Недим Бүркіттөбеге жиналған қауымның көзайымына айналды деуге болады. Оның басындағы гүлді фес-қалпақ, үстіндегі зәйбек-шапаны алыстан көз тартады.

«Құс – жанұямыздың бір мүшесі»

Қыран құс ат үстіндегі серінің салтанатын асырады. Қансонарда таудан жиде тергендей ала берсе, иесінің мерейін асқақтатады. Алайда оның бабын табу оңай шаруа емес. Белгілі құсбегі Тәттімбет Кәпұлы құс баптаудың қызығы мен қиындығы туралы айтты.

– Құс баптау – ата мұра өнер. Сол өнерді сақтап, ұрпаққа жеткізу үшін тер төгіп жүрміз. Бүгін, міне, ең жас бүркітші алты жаста екен. Елдің ертеңі осы ұрпақ емес пе. Демек, мақсат-мүддеміз орындалып келеді. Жалпы құс баптау – көркем өнер ғана емес, машақаты да бар шаруа. Кейде бір мал сойып, соның жарты етін тұздамай қыранға сақтап қоямыз. Өйткені ол да отбасының бір мүшесі секілді. Осындай жауапкершілік керек бұл іске. Атадан мұра болған бұл керемет салтты сақтау, ұрпақтың санасына сіңіру – бізге міндет, – дейді Тәттімбет сері.

Тегтер: F16
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған