Өңірде күн райы бұзылуына байланысты ШҚО ТЖД жүргізушілерге алыс жолға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды F16.kz.
Күздің соңғы айындағы жылы күндер көпке созылмады. «Қазгидромет» болжамына сүйенсек, ертең кей аудандарда қар, жаңбыр жауып көктайғақ болса, кей жерлерле бұрқасын жел соғуы мүмкін.
ШҚО ТЖД құтқарушылары тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Егер жолға шыққан жағдайда өзіңізбен бірге күрек, жеткілікті отын қоры, шам, жылы заттар, телефон, зарядталған PowerBank, шам, азық-түлік пен ыстық шай және жарыққа шағылысатын мата алыңыз. Жолдың жағдайы туралы ақпаратты «Дәрмен» ұялы қосымшасы арқылы біліп отыруға болады. Жолда қалған жағдайда мүмкіндігінше ерте байланысқа шығып, қай жерде екеніңізді нақты хабарлаңыз, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қосымша байланыс нөмірлері:
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (республикалық маңызы бар тас жолдардың жағдайы туралы) 1403, +7-705-927-14-03;
«ОблШығысЖол» ЖШС (облыстық маңызы бар тас жолдардың жағдайы туралы) : +7 (7232) 57-42-52, +7-705-798-05-99.




