Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болды.
Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын, — делінген құжатта.
Арман Қырықбаев 1976 жылы Астана қаласында туған.
- 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz University) «экономист» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
- Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдері басқармасының референті болып бастаған.
- 1997-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.
- 2002 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы.
- 2002-2005 жылдары – «АВЕ Корпорация» ЖАҚ стратегия және мониторинг департаментінің директоры.
- 2005-2006 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры.
- 2006-2008 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры.
- 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
- 2010-2012 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
- 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
- 2014-2015 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.
- 2015-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
- 2020-2022 жылдары – «Nur Otan» партиясының хатшысы.
- 2022 — 2024 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
- 2024-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі.
- 2025 жылғы 25 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.




