Жатыр мойны обырын алдын алу айлығы аясында еліміздегі онкологиялық орталықтарда Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Өңір тұрғындары 31 қаңтар күні ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында (Потанин көшесі, 6, 1 корпус) онколог мамандардан тегін кеңес ала алады.
Жетекші мамандар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайда. Жергілікті дәрігерден жолдама талап етілмейді, өзіңізбен бірге жеке куәлік болса жеткілікті, — делінген хабарламада.
Ресми деректеріне сүйенсек, жатыр мойны обыры Қазақстанда әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың ішінде екінші орында тұр. Жыл сайын шамамен 1800 қазақстандық әйелге осы диагноз қойылады.




