Қарттар күніне орай Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің сарбаздары мен қызметкерлері «Қамқор» әлеуметтік үйіне арнайы барды, деп хабарлайды F16.kz.
Мерекемен құттықтауға барған әскери қызметшілер концерттік бағдарлама дайындап, қарддарға сый-сияпатын ала барған. Ән мен күйге толы бағдарлама қарттардың көңілін сергітіп, қуаныш сыйлады.
Қарттар күні – баршамыз үшін ерекше мереке. Біз үшін үлкендерді құрметтеу, олардың өмірлік тәжірибесі мен ақ батасын тыңдау – үлкен мәртебе. Бүгінгі шара арқылы біз қарияларға қуаныш сыйлап, олардың көңілін көтергіміз келді. Мұндай кездесулер сарбаздардың да рухын нығайтып, аға буынға деген сыйластықты арттырады, — деді әскери бөлім командирінің орынбасары майор Мақсат Қалмырзаев.
Қарттар өз кезегінде әскерилерге ізгі тілектерін білдіріп, жастардың Отанға деген адалдығы мен патриоттық рухына зор сенім артатындарын жеткізді.




