F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығына қатысты жаңа жобалар талқыланды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
23.04.2026, 18:50
Жаңалықтар

Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мәдени дәстүрлерді біріктіру және заманауи шығармашылық тәжірибелер: Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің музей, театр, білім беру және кино саласындағы кәсіби қауымдастық пен концерттік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Аида Балаева Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынаста мәдени ынтымақтастықтың айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, тараптар бірлескен көрмелер ұйымдастырып, кинофестивальдер өткізіп, өнер ұжымдарының гастрольдерін жолға қойып келеді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін бірлесе іздестіріп отыр.

«Кездесулеріміздің дәстүрлі сипат алып келе жатқаны өте маңызды. Осыдан бір жыл бұрын да осындай дөңгелек үстелде бас қосып, ынтымақтастықтың келешегін талқылаған едік. Бүгінде мәдениет саласының іс жүзіндегі барлық бағыты бойынша нақты нәтижелер туралы нық сеніммен айтуға толық негіз бар. Бұл музей және архив ісінен бастап, театрлар мен концерттік ұйымдар арасындағы байланыстарға дейінгі кең ауқымды қамтиды. Мұның бәрі осындай диалогтың нақты нәтиже беретінін әрі мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды мазмұндық тұрғыдан байытып, кеңейтуге жол ашатынын көрсетеді. Бүгінгі кездесу де өзара ұстанымдарды тағы бір пысықтап, жаңа бастамалар ұсынуға және бірлескен іс-шаралар аясын кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді Аида Балаева.

Өз кезегінде Андрей Малышев те Ресей тарапы Қазақстанмен мәдени байланыстарды дамытуға ерекше мән беретінін айтты.

«Біз Қазақстанмен мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастыққа айрықша мән береміз. Бауырлас Қазақстан Ресейдің мәдениет қайраткерлерін ерекше ықыласпен қарсы алып келеді. Бұл екі елді ортақ мәдени кеңістік, рухани құндылықтардың сабақтастығы байланыстырып отырғанын тағы бір мәрте айғақтайды. Сондай-ақ, Ресейде өткен Қазақстан мәдениеті күндерін де ыстық ықыласпен еске аламыз. Ол маңызды оқиғаға айналып, шығармашылық байланыстарымыздың жоғары деңгейін танытты. Бүгін біз үшін алдағы жылдардағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылау аса маңызды. Әсіресе музей ісі, театр саласы, білім беру, кітапхана ісі және ынтымақтастықты нақты мазмұнмен байыта алатын өзге де бағыттар бойынша пікір алмасу қажет», – деді Андрей Малышев.

Дөңгелек үстелде музей ісіне басымдық берілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен І Петр атындағы Антропология және этнография музейі қазақ этнографиялық материалдарының каталогын бірлесіп әзірлеу жөнінде келісімге келді. Бұдан бөлек, Мемлекеттік Эрмитажбен бірлесіп, 2027 жылдың күзіне жоспарланған жаңа археологиялық көрмелер мен өзара экспозициялар дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал, биыл күзде Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Мемлекеттік Третьяков галереясы қорынан алынған туындылар ұсынылатын «ХХ век русского искусства в 30 шедеврах» атты көрме ашылады.

Сонымен қатар реставрация саласындағы әріптестік те жандана түсті. Қазақстан тарапы осы бағыттағы мамандардың Ресей орталықтары базасында тағылымдамадан өту бағдарламаларын жалғастыруға, сондай-ақ шекаралас аумақтардағы музейлермен каталогтау және архив ісі бойынша бірлескен жұмысты тереңдетуге дайын екенін білдірді.

Киноиндустрияда фестивальдік көрсетілімдерден гөрі фильмдерді бірлесіп түсіру мен ілгерілетуге басымдық беріле бастады. «РОСКИНО» өкілі ортақ практикалық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Ал, «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы дайындық кезеңі аяқталуға жақын қалған «Время» фильмі бойынша жұмысты жалғастыруға әзір екенін растады. Түсірілім жұмыстары Қазақстан мен Ресей аумағында өтеді деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге Ресейдің Мемлекеттік киноқорында сақталған қазақ киносының құнды мұрасын цифрландыру ісі қатар жүргізіліп жатыр.

Кездесу барысында жас ресейлік және қазақстандық композиторлар арасындағы кәсіби тәжірибе алмасу мәселелері де сөз болды. Сондай-ақ, джаз музыкасын дамытуға басымдық беру және концерттік алаңдар арқылы өзара ықпалдастықты жетілдіру жолдары талқыланды. Хореография өнерін өркендету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл бағытта бірлескен білім беру бастамаларын, тағылымдама бағдарламаларын, шеберлік сабақтарын жүзеге асыру, сондай-ақ екі елдің бейінді академияларында қос дипломды даярлау жүйесін енгізу перспективасы қарастырылды.

Жиын соңында Аида Балаева айтылған барлық ұсыныс алдағы жұмыстың өзегіне айналатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол 2027-2028 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспары барлық тараптың нақты ұсыныстарымен толыға түсетініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Ресей Федерациясының Ресей этнографиялық музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тақырыптық каталогтарды бірлесіп әзірлеуді, ғылыми және әдістемелік бағыттарды дамытуды, сондай-ақ суретшілер, реставраторлар және музей ісінің өзге де мамандары арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.

Тегтер: ҚазақстанРесей
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да 62 адам екпе алудан бас тартқан: мамандар себебін айтты

ШҚО-да 62 адам екпе алудан бас тартқан: мамандар себебін айтты

23.04.2026, 18:09
Вакцина жеткізуде іркілістер болды — ШҚО

Вакцина жеткізуде іркілістер болды — ШҚО

23.04.2026, 17:56
Ерекше балалар – ерекше назарда: Өскеменде инклюзивті білім берудің болашағы талқыланды

Ерекше балалар – ерекше назарда: Өскеменде инклюзивті білім берудің болашағы талқыланды

23.04.2026, 17:40
ШҚО-да тұрғын үй құрылысын дамыту тетіктері талқыланды

ШҚО-да тұрғын үй құрылысын дамыту тетіктері талқыланды

23.04.2026, 16:47

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығына қатысты жаңа жобалар талқыланды

23.04.2026, 18:50

ШҚО-да 62 адам екпе алудан бас тартқан: мамандар себебін айтты

23.04.2026, 18:09

Вакцина жеткізуде іркілістер болды — ШҚО

23.04.2026, 17:56

Ерекше балалар – ерекше назарда: Өскеменде инклюзивті білім берудің болашағы талқыланды

23.04.2026, 17:40

ШҚО-да тұрғын үй құрылысын дамыту тетіктері талқыланды

23.04.2026, 16:47

Халықаралық ұйымдар Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдады

23.04.2026, 16:07

Күршімде қамыстан жылу сақтайтын құрылыс материалдары өндіріліп жатыр

23.04.2026, 15:27

Қытайдан Самарға туристік сапар ұйымдастырылуы мүмкін

23.04.2026, 15:08

Өскемендегі сарбаз өлімі: лауазымды тұлғалар қысым көрсеткені анықталды

23.04.2026, 14:30

Өскемендік оқушы халықаралық Менделеев олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

23.04.2026, 12:57

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған