Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында болып, жергілікті сумен қамту жобаларының іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды F16.kz.
Ведомство басшысы Асубұлақ кенті мен Бозанбай ауылында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды тексерді. Бұл жобалар елді мекендерді тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге, коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға және Ұлан ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Қазір Асубұлақ пен Бозанбайда су құбыры желілерін тарту және қайта жаңғырту жұмысы толық аяқталды.
Инженерлік коммуникациялар мен нысандардың жай-күйін тексеру барысында комитет төрағасы атқарылған жұмыстардың сапасына, жүйелі ұйымдастырылуына және белгіленген мерзімнің сақталуына ерекше назар аударды. Сондай-ақ тұрғындардың орталықтандырылған ауызсу жүйесіне уақтылы қосылуының маңызын атап өтті.




