Ертең Шығыс Қазақстанның басым бөлігінде тағы да қар жауып, боран болуы мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.
Түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендесе, күндіз термометр бағаны 0-2 градус аралығын көрсетеді.
Десе де, кей аудандарда қалың қар жауып, екпіні секундына 23 метрге дейін жететін жел соғуы ықтимал.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 1 желтоқсанға дейін көлік дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілер жауапкершілікке тартылатынын жазғанбыз.




