Глубокое ауданы Перевальное ауылының тұрғыны Дауыл Миллат «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, қой шаруашылығын дамытып отыр. Бүгінде өндіріс көлемі де жыл санап артып келеді, деп хабарлайды F16.kz.
Дауыл Миллаттың жобасы – Шығыс Қазақстанда «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан 15 табысты жобаның бірі.
Шаруашылық 2023 жылы тамыз айынан бастап жұмыс істеп келеді.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкер шаруашылықтың жұмысын жолға қойып, ауыл тұрғындары үшін екі жаңа жұмыс орнын ашқан.
Шаруашылық жұмысын бастаған алғашқы кезеңде өндірілген өнім көлемі 200 килограмды құрады. Бүгінде кәсіпорын жұмысын жалғастырып, өндірістік әлеуетін арттырып, мал шаруашылығы саласындағы өз орнын нығайтып келеді.
Кәсіпкер алдағы уақытта да өз кәсібін одан әрі дамытып, Өскемен қаласына жеткізілетін өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы 1 ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастап қана қоймай, оны кезең-кезеңімен дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.




